Ресми мәлімдеме
Наурыз 28, 20222022 жылғы 9 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қазақстан Ұлттық допингке қарсы күрес орталығы жарыстан тыс допинг-бақылау аясында ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының спортшыларын тестілеуден өткізді.
Бақылау қорытындысы бойынша келесі спортшыларда оң допинг-сынамалар анықталды:
1. Әуелханов Абылай
2. Сон Игорь
3. Потасова Юлия
4. Чалкарова Руфина
5. Дроздов Алексей
6. Макрушин Матвей.
Жоғарыда аталған барлық спортшылар Алматы облысының өкілдері болып табылады.
Допингке нөлдік төзімділік саясатын ұстана отырып, ҚР Ауыр атлетика федерациясы бұл оқиғаға ішкі тергеу жүргізуге ниетті.