Ресми мәлімдеме
Тамыз 25, 2021Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясы 2016 жылғы Олимпиадада үшінші орын алғаны үшін біздің ауыр атлет Денис Улановқа ақшалай көтермелеу төлемдерін қайта бөлу үшін ведомствоаралық комиссия құру туралы ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің шешімін құптайды.
Естеріңізге сала кетейік, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында Денис 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде төртінші орын алды (175+215). Дәл осындай нәтижені румындық спортшы Габриэль Сынкрэян көрсетті. Соңғысы Дениске қарағанда салмағы жеңіл болғандықтан оған үшінші орын, ал Улановқа төртінші орын берілді. Алайда, біраз уақыттан кейін Сынкрэян допинг қолданғаны үшін шеттетіліп, оның қола медалі ресми түрде біздің спортшыға берілді.
Денис Уланов 2018 жылдың қараша айында Ашхабадта өткен әлем чемпионатында алған марапатын алды.
Бүгінгі таңда Денис Уланов Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігіне ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалған жүлде сомасын төлеу туралы өтінішпен жүгінді.
ҚР ААФ атқарушы директоры Алдияр Нұралинов:
– Біз спортшымыздың, орындардың қайта бөлінуін ескере отырып, жүлде төлемдеріндегі айырмашылықты алуға деген заңды ниетін толығымен қолдаймыз, сонымен қатар бұл оқшауланған жағдай емес, қайта бөлу нәтижесінде жоғары орындарды алған басқа атлеттерде де осындай жағдайға тап болды. Қажет болған жағдайда біз атлеттің спорттық нәтижелерін растайтын барлық құжаттарды ұсынамыз.
Біз жедел шешім күтеміз.