ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ АУЫР АТЛЕТИКАДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ҚЫТАЙ, ЦЗЯНШАНЬ ҚАЛАСЫ
Мамыр 25, 2025
2025 жылғы 9–15 мамыр аралығында Қытайдың Цзяншань қаласында ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтті.
Аталған чемпионатта Қазақстан Республикасының Ұлттық спортшылар құрамасынан 14 спортшы (5 әйел және 9 ер) ел намысын қорғады.
Ерлер:
- Надворный Виктор – 67 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, қос сайыс нәтижесі 270 кг (125+145), 12-орын.
- Чуев Сергей – 67 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, қос сайыс нәтижесі 286 кг (129+157), 8-орын.
- Хребтов Петр – 73 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, қос сайыс нәтижесі 333 кг (жұлқа 146 кг, серпе 187 кг) – қола жүлде
.
- Рахымберді Әлібек – 81 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, қос сайыс нәтижесі 329 кг (145+184), 7-орын.
- Бектай Асылжан – 89 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, жұлқа көтеру – 157 кг, серпе көрсеткіші жоқ.
- Шерер Егор – 89 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, қос сайыс нәтижесі 345 кг (жұлқа 165 кг – қола жүлде
, серпе 180 кг), 4-орын.
- Петрович Сергей – 96 кг дейінгі салмақ дәрежесінде жарыстан шеттетілді.
- Староверкин Кирилл – 96 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, қос сайыс нәтижесі 363 кг (171+192), 6-орын.
- Антропов Артем – 102 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, қос сайыс нәтижесі 386 кг (жұлқа 165 кг – қола
, серпе 221 кг – күміс
) – күміс жүлдегер
.
Әйелдер:
- Нұрлыбекова Арай – 71 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, қос сайыс нәтижесі 225 кг (101+124), 6-орын.
- Жұмағали Аянат – 76 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, қос сайыс нәтижесі 220 кг (95+125), 5-орын.
- Новикова Виктория – 81 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, қос сайыс нәтижесі 191 кг (83+108), 5-орын.
- Байманап Ақерке – 87 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, қос сайыс нәтижесі 190 кг (85+105), 10-орын.
- Ковальчук Любовь – +87 кг салмақ дәрежесінде, қос сайыс нәтижесі 256 кг (111+145), 4-орын.
Қолдау мен серіктестік үшін алғысымызды
білдіреміз:
– Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры «Sport Qory»
– Ұлттық әл-ауқат қоры «Самұрық-Қазына»

- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram