Ауыр атлетикадан 2018 жылғы әлем чемпионатына баратын Қазақстан ұлттық құрамасы

Қыркүйек 28, 2018

Жақында Сочи қаласында оқу-жаттығу жиындарында жүрген ұлттық құраманың жаттықтушылары және федерация басшылығының қатысуымен Қазақстан ауыр атлетика федерациясы бапкерлер кеңесі өтті. Кездесу барысында 2020 жылы Токиода өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарының жаңа іріктеу кезеңі аясындағы IWF (International Weightlifting Federation) алғашқы турнирі – алдымыздағы Ашхабадта болатын әлем чемпионатына дайындық барысының маңызды мәселелері талқыланды. Кездесудің негізгі қорытындысы әлем чемпионатына баратын Қазақстанның спортшылары құрамасының тізімін бекіту болды.

Алексей Головин, ҚР ААФ бас хатшысы:

– Кеше ғана федерация кеңсесіне Қазақстан құрамасын барлық мүшелерімен Ашхабадта өтетін әлем чемпионатына қатысуға рұқсат беру туралы IWFресми расталған құжаты келді. Өздеріңіз білетіндей, алдағы чемпионат Федерациямызды жарыстан шеттеткеннен кейінгі алғашқы халықаралық турнир болмақ. Шеттету кезеңінде бізге белгілі бір талаптар мен міндеттемелер жүктелген-ді. Федерация ол талаптарды толығымен орындай білді, оған мына құжат дәлел болады. Бәрінен де ең маңыздысы, біздер бекіткен құрам түгелдей алдағы әлемдік біріншілікке қатысуға рұқсат алды.

Ерлер:

– Арли Чонтей, 55 келіге дейін;

– Фархад Харки, 67 келіге дейін;

– Нижат Рахимов73 келіге дейін;

– Айдар Қазов 81 келіге дейін;

– Денис Уланов до 89 келіге дейін;

– Рүстем Сыбай 96 келіге дейін;

– Илья Ильин 102 келіге дейін;

– Александр Зайчиков 109 келіге дейін;

– Ибрагим Берсанов 109 келіге дейін;

– Елдос Сайлау +109 келіге дейін.

Әйелдер:

– Зүлфия Чиншанло 55 келіге дейін;

– Сәуле Садуақасова 59 келіге дейін;

– Әсем Садықова 64 келіге дейін;

– Карина Горичева 64 келіге дейін;

– Надежда Лихачева 71 келіге дейін;

– Екатерина Столяренко 71 келіге дейін;

– Екатерина Быкова 76 келіге дейін;

– Раушан Мешітханова 87 келі;

– Айзада Мүптілдә +87 келі;

– Александра Аборнева +87 келі;

Айта кету керек, Осы жылдың 1-10 қарашасында Ашхабад қаласында өтетін ауыр атлетикадан әлем чемпионаты IWFАтқару комитеті 2018 жылдың шілдесінде қабылдаған жаңа категорияға сәйкес өтеді. ҚР ауыр атлетика федерациясы Қазақстан Республикасы чемпионатында салмақ дәрежелері бойынша жаңа форматты алғашқылардың бірі болып енгізді.