Қазақстан құрамасы үшін рекордтық күн: 9 алтын медаль мен Азия рекорды

Шілде 23, 2025

Жастар, жасөспірімдер және қыздар арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатының бесінші жарыс күні Қазақстан құрамасының қоржыны 9 алтын медальмен және Азия рекордымен толықты.

17 жасқа дейінгі қыздар арасында 69 кг салмақ дәрежесінде Кира Данилова абсолютті чемпион атанды. Жұлқи көтеруде Кира 87 кг салмақты бағындырса, серпе көтеруде 111 кг-ды еңсерді. Қоссайыстың қорытындысы – 198 кг.

88 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен 19 жастағы Ерасыл Саулебеков Қазақстан құрамасына үш алтын медаль алып келді. Ол жұлқуда 153 кг, серпуде 191 кг көтеріп, қос сайыстың қорытындысы бойынша 344 кг нәтижесін көрсетті.

20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 94 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Денис Полубояринов абсолютті чемпион атанды. Жұлқи көтеруде ол 163 кг зілтемірді сенімді еңсеріп, алтын медаль иеленді. Серпе көтеруде 213 кг көтеріп, Азия рекордын жаңартты. Қоссайыс нәтижесі – 376 кг.

69 кг салмақ дәрежесінде Софья Шалгина Қазақстан құрамасына күміс медаль сыйлады. Жұлқуда ол 82 кг көтерсе, серпеде – 93 кг, қоссайыс нәтижесі – 175 кг. Дәл осындай нәтижемен қола медаль иегері атанды.

Осы салмақ дәрежесінде жарысқа қатысқан Айғаным Жанболат жұлқи көтеру сайысында 90 кг нәтижемен қола медаль жеңіп алды. Серпекөтеруде – 105 кг, ал қоссайыстың қорытындысы – 195 кг.

77 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 20 жасқа дейінгі қыздар арасында Аянат Жұмағали үш медаль иеленді. Жұлқуда 95 кг көтеріп, үшінші орын алды. Серпеде 122 кг еңсеріп, күміс медальиеленді. Қоссайыс нәтижесі бойынша 217 кгбағындырған Аянат қола жүлдегер атанды.

Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясының демеушілері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры және «Sport Qory» туризм мен спорт индустриясын қолдау қоры.