Ауыр атлетикадан 2009-2010 жылғы жасөспірім ұлдар мен жасөспірім қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты. Бірінші күн.

Қыркүйек 19, 2025

Қазақстан чемпионатының бірінші күнінде жаңа жұлдыздар пайда болады!

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Атырау облысының жас спортшысы Асылбек Мейірбек спорт шебері нормативін орындады! Және көшбасшылар үштігіне кірді. Жұлқи көтеру-76 кг, серпе көтеру – 85 кг, қоссайыс сомасында-161 кг.

Спортшы мен жеке жаттықтырушы – Космурзиев Амирді құттықтаймыз!

1 орынды Ташмағанбет Арысланбек (Ақтөбе облысы) иемденді, нәтижесі 76 кг. жұлқи көтеру, 95 кг. серпе көтеру, 171 кг. сомада

2 орын Расулов Сардор (Шымкент қ.) нәтижесі: жұлқи көтеру 76 кг., серпе көтеру 91 кг., сома – 167 кг.

Спортшылар мен жаттықтырушыларды ел чемпионатының сәтті басталуымен құттықтаймыз!

Маңғыстау облысының тұрғыны Аяулым Чакибай 40 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы атанды. Кәсіпқойлық, табандылық танытты және барлық 6 тәсілді сәтті орындады.

Спортшы мен жеке жаттықтырушы – Джамбиров Тимурды құттықтаймыз!

Қазақстан чемпионаты 23 қыркүйекке дейін жалғасады және 22-31 қазан аралығында Бахрейнде (Манама қ.) өтетін алдағы жасөспірімдер Азия ойындарына іріктеу болып табылады.

Жастар чемпионаттары біздің жас қазақстандықтарымыздың мақсаттылығын, дені сау ұрпақты қалыптастыруды, спортпен шұғылдануға деген ұмтылысын көрсетеді, ал жоғары нәтижелер спорт державасы ретінде еліміздің мықты резервіне сенімділік береді. Жастар-біздің болашағымыз!🇰🇿

Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясының демеушілері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры және «Sport Qory» туризм мен спорт индустриясын қолдау қоры.