ҚР туризм және спорт Министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің Төрағасы — Руслан Бақыттыұлы Есеналин және 2000 жылғы Олимпиада чемпионы Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов Бахрейнде өтіп жатқан Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарына қатысу үшін келген Қазақстанның жастар құрамасының ауыр атлетика бойынша жаттығу процесіне барып қайтты.