Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті-Гаджи Шапиевич Гаджиев халықаралық және Азия федерациясының басшылығымен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.
Желтоқсан 20, 20242024 жылғы 19-26 желтоқсан аралығында Катар астанасы Доха қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен юниорлар арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Аталған чемпионат аясында Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті – Ғаджи Шапиевич Ғаджиев Халықаралық және Азия федерациялары басшылығымен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді. Кездесулер барысында ауыр атлетиканы дамыту және ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Кездесу барысында Халықаралық федерация президенті Мұхаммед Жалуд Әл-Шаммари, Азия федерациясының президенті Мұхаммед Юсеф Әл-Мана және Азия федерациясының бас хатшысы Мұхаммед Әл-Харби, Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясымен бірлесіп, 2025 жылы жасөспірімдер мен юниорлар арасындағы Азия чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, Ғаджи Ғаджиевке алғыс хат табысталды, онда Қазақстан ұлттық федерациясының жемісті жұмысына, ауыр атлетиканың өсуі мен табысына қосқан баға жетпес үлесі, сондай-ақ допингке қарсы күрестегі адалдығы үшін терең алғыс пен ризашылық білдірілді. Сіздің күш-жігеріңіз біздің спорт түрін алға жылжытуда және бүкіл құрлықтағы спортшылардың шеберлігін арттыруда маңызды рөл атқарды. Біздің миссиямызды ілгерілетуге деген адалдығыңыз баршамызды шабыттандырады, ал сіздің қолдауыңыз федерацияның негізін және болашаққа деген көзқарасты нығайтады. Сіздің қажырлы еңбегіңізді жоғары бағалаймыз және бірлескен жетістіктеріміздің жаңа биіктерін асыға күтеміз, – деп атап өтті Азия ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммед Юсеф Әл-Мана.