Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Қараша 25, 2022Бүгін Астана қаласындағы № 5 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінде ауыр атлетикадан 2008 жылғы және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында ел біріншілігінің ашылу салтанаты өтті.
Жарыс «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен sport Qory туризм және спортты қолдау қорының қолдауымен өтті.
Бәсекеге еліміздің 19 облысы мен қалаларынан 319-ға жуық спортшы қатысып, бақ сынауда.
Чемпионаттың салтанатты ашылуына ҚР Мәдениет және спорт вице-министірі Серік Жарасбаев, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, ҚР ҰОК Спорт дирекциясын директоры Елсияр Қанағатов, ҚР ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Алдияр Нұралинов, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы, қазақстандық зілтемірші Илья Ильин қатысып, болашақ чемпиондарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ ашылу салтанатына спорт ардагерлері де қатысты.
Алғашқы болып ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев сөз сөйлеп, қатысушыларға ізгі ниетін арнап, сәттілік тіледі.
«Өздеріңіз білесіздер, ауыр атлетика жылдан жылға қарқынды дамып келе жатыр. Біздің спортшыларымыз әлемдік ареналарда жақсы нәтиже көрсетуде. Жыл өткен сайын спорт саласына көптеп көңіл бөлінуде. Бүгінгі чемпионатқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, жарысты ашық деп жариялаймын!», – деді Серік Жарасбаев.
Ашылу салтанатынан кейін қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Сәбитұлы Мексикада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жұлқа және серпе көтеруден рекорд орнатқан елордалық Едіге Ембердіге Халықаралық ауыр атлетика федерациясының естелік сыйлығын табыстады.
Турнир бағдарламасы:
24 ҚАРАША, БЕЙСЕНБІ
11.00 – 13.00 жасөспірімдер 33 кг дейін
14.00 АШЫЛУ САЛТАНАТЫ
15.00 – 17.00 қыздар 32, 36 кг дейін
25 ҚАРАША, ЖҰМА
11.00 – 13.00 жасөспірімдер 37 кг дейін
15.00 – 17.00 қыздар 40, 45 кг дейін
26 ҚАРАША, СЕНБІ
11.00 – 13.00 жасөспірімдер 41 кг дейін
15.00 – 17.00 қыздар 49, 55 кг дейін
27 ҚАРАША, ЖЕКСЕНБІ
11.00 – 13.00 жасөспірімдер 45 кг дейін
15.00 – 17.00 қыздар 59, 64 кг дейін
28 ҚАРАША, ДҮЙСЕНБІ
11.00 – 13.00 жасөспірімдер 49 кг дейін
15.00 – 17.00 қыздар 71, 71+ кг дейін
29 ҚАРАША, СЕЙСЕНБІ
11.00 – 13.00 жасөспірімдер 55, 61 кг дейін
15.00 – 17.00 жасөспірімдер 67, 73, 73+ кг дейін