Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды
Қазан 10, 2022Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының қазынасы Бахрейндегі Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде бірден екі медальмен толықты.
Алдымен Арли Чонтей ерлер арасында ерекшеленді. Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды.
Қоссайыс қорытындысы бойынша Арли 260 (116+144) келі көтеріп, «жұлқи» көтеруде қола медаль және «серпе» көтеруде алтын медаль жеңіп алды.
Әйелдер арасында осыған ұқсас категорияда Зульфия Чиншанлоға тең келетін ешкім болмады!
Зульфия Қытайдан ең жақын қарсыласы 220 (95+125) келіде тоқтаған Линлун Юйден 10 келіге озды. Сондай-ақ, біздің спортшымыздың қоржынында «жұлқи» көтеруде «күміс» және «серпе» көтеруде «алтын» бар.
Бұған дейін әйелдер арасында 49 келіге дейінгі санатта Дарья Балабаюк 8-ші орынды иеленді. Айта кетейік, біздің 15 жасар отандасымыз үшін ересектер арасындағы дебют болды. Оның нәтижесі – 155 (71+84) келі.
Өтепберген Әлиев ерлер арасында 61 келіге дейінгі санатта 8-ші орынға ие болды.
Қоссайыс сомасында ол 260 (115+145) келі көтерді.
Естеріңізге сала кетейік, құрлықтық біріншілікке 29 елден 186 спортшы қатысуда. Қазақстанды 18 спортшы – сегіз әйел және он ер жігіт таныстырады.