Біздің чемпион

Қазан 12, 2021

Рахат Бекболат 3-12 қазан аралығында Джидда қаласында (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орын алды.


Қоссайыс қорытындысы бойынша біздің спортшы 355 (155+200) келіні бағындырды, екінші орында Түркиядан келген Танер Чаглар (152+185). Үздік үштікті Ирак спортшысы Али Аммар Рубайави (149+185) түйіндеді.