Федерация тыйым салынған препараттарға «мүлде төзбеушілік» саясатын ұстанады
Желтоқсан 20, 20182018 жылдың 14-желтоқсанында Ұлттық антидопингтік орталығы Қазақстан Республикасы ауыр атлетика федерациясына жарыстардан тыс уақыт саналатын 19-қыркүйекте Сочи қаласында өткен оқу-жаттығу жиындарында ұлттық құрама мүшесі Надежда Лихачевадан алынған допинг сынамасының теріс қорытындысы туралы хабарлама жетті.
Надежда Лихачеваға допингке қарсы ереже бұзған, нақтырақ айтқанда тыйым салынған субстанция қолданған деген айып тағылды. Спортшы оқиғаны тексеру кезеңінде барлық спорттық жарыстардан және оқу-жаттығу жиындарынан шеттетіледі. Ауыр атлетке В талдау сынамасы туралы алдын ала тыңдау мен сынамасын сұрату құқығы берілді.
Федерация Қазақстан Ұлттық допингке қарсы орталығына жарыстан тыс бақылауды барлық деңгейдегі атлеттерді жоспардан тыс тексеруді және ұлттық құрама спортшыларының міндетті демалыс алдындағы бақылауын көздейтін допингке қарсы бағдарламаны іске асыру шеңберінде бастамашылық етті.
Федерация ішкі жарыстарда да, халықаралық деңгейдегі жарыстарда да тыйым салынған препараттарға «мүлде төзбеушілік» саясатын ұстанады. Тексері қорытындысы бойынша Федерацияның құзырлы органдары тиісті шешім қабылдайды