2018 жылғы ҚРЧ қорытындысы. Юрий Мельников: «Елімізде дарынды жастар өте көп»
Қыркүйек 3, 2018Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты аяқталды. Әйелдер арасында турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Алматы облысы жеңіп алды. Екінші орынға Алматы құрамасы жайғасты. Түркістан облысы үшіншы орын иеленді. Ерлер арасында Қызылорда облысы көшбасшы атанды. Алматы облысы екінші, Шығыс Қазақстан облысы үшінші орындарға ие болды.
Ауыр атлетикадан ҚР ҰҚК бас бапкері Юрий Мельников чемпионат қорытындысы бойынша былай деді:
– Маған чемпионат ұйымдастырылуы жағынан да, тақтайтұғырдағы бәсекелестігі жағынан да ұнады. Барлық өңірлердің қатыспағаны өкінішті, әрине, дегенмен, оған қарамастан өзін жақсы жағынан көрсеткен спортшылар көп болды. Елде талантты жастардың өте көп екенін айтқым келеді, бұл қуантпай қоймайды, әрине. Жалпы алғанда бәрі жоғары деңгейде өтті.
Бүгінгі күнге дейін, қарашада Ашхабадта өтетін әлем чемпионатына кімдердің баратынын толық анықтап қойдық. Алайда біз ешкімге кепілдік бере алмаймыз. Бәрі атлеттің өзіне байланысты. Егер қандай да бір спортшы дайындық кезеңдеріндегі байқауда өзін көрсете алмаса, оның нәтижесі күтпеген жерден нашарласа, оны ауыстыруға тура келеді.
55 келідегі ерлер:
Iорын: Арли Чонтей (110+130)
IIорын: Руслан Фирсов (84+110)
IIIорын: Әли Төлеков (83+103)
61 келідегі ерлер:
Iорын: Азамат Төлеген (99+128)
IIорын: Игорь Вовчук (100+125)
IIIорын: Нұрсұлтан Омаров (99+117)
67 келідегі ерлер:
Iорын: Фархад Харки (128+163)
IIорын: Бексұлтан Айтбай (106+150)
IIIорын: Ринат Баширов (105+135)
73 келідегі ерлер:
Iорын: Анатолий Савельев (137+170)
IIорын: Еламан Сейітқазы (131+162)
IIIорын: Васильев Владимир (132+160)
81 келідегі ерлер:
Iорын: Айдар Қазов (148+191)
IIорын: Нижат Рахимов (150+185)
IIIорын: Нұрғиса Әділетұлы (149+184)
89 келідегі ерлер:
Iорын: Уланов Денис (160+200)
IIорын: Антропов Артём (148+197)
IIIорын: Сейітқазы Әлішер (142+190)
96 келідегі ерлер:
Iорын: Рүстем Сыбай (171+207)
IIорын: Шыңғыс Сағындықов (145+190)
IIIорын: Нұржан Кеңесбек (142+184)
102 келідегі ерлер:
Iорын: Илья Ильин (172+208)
IIорынӘлішер Оразбек (130+160)
IIIорын: Эльдар Сембаев (105+140)
109 келідегі ерлер:
Iорын: Александр Зайчиков (175+212)
IIорын: Ибрагим Берсанов (170+190)
+109 келідегі ерлер:
Iорын: Ердос Сайлау (152+196)
IIорын: Евгений Колесников (125+150)
45 келідегі әйелдер:
Iорын: Юлия Потасова (60+75)
IIорын: Айнұр Әбдіхалықова (50+61)
IIIорын: Елена Переяславская (47+59)
49 келідегі әйелдер:
Iорын: Наталья Бедрик (62+75)
IIорын: Александра Лачкова (55+70)
IIIорын: Диана Абдуллаева (52+63)
55 келідегі әйелдер:
Iорын: Зульфия Чиншанло (87+115)
IIорын: Акмарал Ургешбаева (58+76)
IIIорын: Камиля Острикова (58+73)
59 келідегі әйелдер:
Iорын: Сауле Садуақасова (86+112)
IIорын: Ануфриева Лидия (81+99)
IIIорын: Гүлнұр Ыбрай (76+95)
64 келідегі әйелдер:
Iорын: Әсем Садықова (101+127)
IIорын: Карина Горичева (97+111)
IIIорын: Гүлдана Жүніс (79+102)
71 келідегі әйелдер:
Iорын: Надежда Лихачева (110+135)
IIорын:Екатерина Столяренко (90+120)
IIIорын: Софья Лоос (74+92)
76 келідегі әйелдер:
Iорын: Быкова Екатерина (87+116)
IIорын: Нурлыбекова Арай (86+107)
IIIорын: Чалкарова Анжела (87+105)
81 келідегі әйелдер
Iорын: Мешитханова Раушан (105+115)
IIорын: Есжанова Айым (76+102);
IIIорын: Сумбембаева Анелия (72+93)
87 келідегі әйелдер:
Iорын: Ахмерова Дарья (95+127)
IIорын: Базаркина Мария (73+85)
+87 келідегі әйелдер
Iорын: Аборнева Александра (105+143)
IIорын: Мүптілдә Айзада (109+138)
IIIорын: Ковальчук Любовь (92+118)