Мәреде. 2018 жылғы әлем чемпионаты

Қазан 31, 2018

Қараша айының 1-10 аралығы Түркіменстан астанасы Ашхабадта ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтеді. Аталмыш турнир 2020 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу бойынша лицензия беретін бәсеке саналады. Айта кетерлік жайт, бұл жаңа салмақ дәрежелері бойынша IWF (International Weightlifting Federation) аясындағы бірінші халықаралық жарыс болмақ. Қазақстан құрамасы әлем біріншілігіне 20 спортшы апарады:

ҚАРАШАЖҰМА

20:55 Арли Чонтей, 55 келіге дейін, А тобы

ҚАРАША, СЕНБІ

11.00Фархад Харки, 67 келіге дейін, В тобы

20:55 Зульфия Чиншанло, 55 келіге дейін, А тобы

ҚАРАШАЖЕКСЕНБІ

18:25 Сәуле Садуақасова, 59 келіге дейін, А тобы

20:55 Нижат Рахимов,73 келіге дейін, А тобы

ҚАРАШАДҮЙСЕНБІ

13:00 Айдар Казов, 81 келіге дейін, В тобы

15:25 Әсем Садықова, 64 келіге дейін, В тобы

15:25 Карина Горичева, 64 келіге дейін, В тобы

6 ҚАРАША, СЕЙСЕНБІ

13:00 Екатерина Столяренко, 71 келіге дейін, В тобы

15:25 Денис Уланов, 89 келіге дейін, В тобы

18:25 Надежда Лихачева, 71 келіге дейін, А тобы

ҚАРАША, СӘРСЕНБІ

15:25 Екатерина Быкова, 76 келіге дейін, В тобы

18:25 Рүстем Сыбай, 96 келіге дейін, А тобы

ҚАРАША, БЕЙСЕНБІ

15:25 Раушан Мешітханова, 81 келіге дейін, В тобы

20:55 Александр Зайчиков,102 келіге дейін, А тобы

20:55 Илья Ильин, 102 келіге дейін, А тобы

ҚАРАША, ЖҰМА

11:00 Айзада Мүптілдә, 87+ келі, С тобы

11:00 Александра Аборнева, 87+ келі, С тобы

15:25 Ибрагим Берсанов, 109 келіге дейін, В тобы

10 ҚАРАША, ЖҰМА

09:00 Елдос Сайлау, 109+ келі, С тобы

Юрий Мельников, ҚР ҰҚК бас жаттықтырушысы:

– Бүгін әлем чемпионатына баратын спортшылардың ақтық құрамы шықты, енді біз бұл сайыстың нақты қалай өтетінін бағамдай аламыз. Оңайға соқпайтыны анық! А тобындағы да, В тобындағы да барлық қарсыластар өте тәжірибелі. Командаға берілетін негізгі тапсырма – турнирге лайықты қатысу және біз жарыстардан шеттетілген биылғы жыл біз үшін текке өтпегенін дәлелдеу. Біз дайындалдық және жақсы нәтиже көрсетеміз. Қанша жүлде теретініміз туралы тіс жармай-ақ қояйын, сайыс барысында көрерсіздер. Қыз-жігіттер тас-түйін дайын, жан алысып жан берісетін бәсекені аңсап жүргені анық және ымырасыз бәсекелестікті әлем чемпионаты барысында көретінімізге сенімдімін.