25 желтоқсан күні жарыс тұғырында Қазақстан Республикасының өкілі Ақмолда Сайрамкез өнер көрсетті

25 декабря, 2025

🏋️‍♂️24–26 желтоқсан күндері Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында Олимпиада чемпионы Қаныбек Осмоналиевтің жүлдесіне арналған ауыр атлетикадан XXXVII халықаралық турнир өтіп жатыр. Турнир Қаныбек Осмоналиевтің 1980 жылы Мәскеу қаласында өткен Олимпиада ойындарындағы жеңісінің 45 жылдығына орай ұйымдастырылды. Жарысқа Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Тәжікстан елдерінен 141 спортшы қатысуда.

🏆🇰🇿 25 желтоқсан күні жарыс тұғырында Қазақстан Республикасының өкілі Ақмолда Сайрамкез өнер көрсетті. Жұлқа көтеруде спортшы 120 кг, серпе көтеруде 155 кг салмақты бағындырды. Бес тәсілді сәтті орындап, қос сайыстың қорытындысы бойынша 275 кг нәтижемен 1-орынды иеленді. Бұл көрсеткіш Қырғыз Республикасының спортшысы, екінші орын алған қарсыласынан 34 кг-ға жоғары болды. Қола жүлдені Өзбекстан спортшысы 234 кг нәтижемен жеңіп алды.

Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясы спортшы мен жаттықтырушылар құрамын табысты өнер көрсетуімен құттықтап, халықаралық жарыстарда толағай табыстар тілейді.

🏋️‍♂️24–26 декабря в г. Бишкек (Кыргызская Республика) проходит XXXVII Международный турнир по тяжелой атлетике на призы олимпийского чемпиона Каныбека Осмоналиева. Турнир приурочен к 45-летию победы Каныбека Осмоналиева на Олимпийских играх 1980 года в г. Москве. В соревнованиях принимают участие 141 спортсмен из Кыргызстана, Казахстана, Узбекистана, Азербайджана и Таджикистана.

🏆🇰🇿25 декабря на помосте выступил представитель Республики Казахстан Ақмолда Сайрамкез. В рывке спортсмен зафиксировал 120 кг, в толчке — 155 кг. Реализовав 5 подходов, он поднял в сумме двоеборья 275 кг и занял 1 место в весовой категории 65 кг, показав результат на 34 кг больше своего соперника из Кыргызской Республики, занявшего второе место. Бронзовую медаль завоевал спортсмен из Узбекистана с результатом в сумме 234 кг.

Федерация тяжелой атлетики Республики Казахстан поздравляет спортсмена и тренерский штаб с успешным выступлением и желает дальнейших побед на международных стартах.