25 желтоқсанда Астанада түрлі номинациялар бойынша салтанатты марапаттау рәсімі өтті
26 декабря, 2025
25 желтоқсанда Астанада түрлі номинациялар бойынша салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі 2025 жылы ерекше еңбегі мен жетістігімен көзге түскен спортшыларды марапаттады.
Жыл қорытындысы бойынша номинация иегерлерінің қатарында біздің Ксения Прозорова да бар. Ол барлық қазақстандық спортшылар арасында «Жылдың үздік спортшы–жасөспірімі» номинациясында жеңіске жетті. Ксения бұл жоғары марапатты Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінен алды.
2025 жылы Ксения Прозорова жоғары спорттық нәтижелер көрсетті: әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, Азияның абсолютті чемпионы атанды, ұлттық құраманың қоржынына Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының 2 күміс медалін қосты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы болды.
Ксенияны шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс пен мойындалу спорттағы жыл сайынғы үлкен жетістіктер мен марапаттарға бастайтын даңқты жолдың бастауы болсын!🎉

Торжественное награждение в различных номинациях провели 25 декабря в Астане. Министерство туризма и спорта наградило спортсменов, которые особенно отличились заслугами и достижениями в уходящем 2025 году.
Среди победителей в номинациях по итогам года наша Ксения Прозорова, восходящая звезда, победила в номинации «Лучшая спортсменка — юниор года» среди всех казахстанских спортсменов. Ксения удостоилась данной награды от Министерства туризма и спорта Республики Казахстан.
В 2025 году Ксения Прозорова продемонстрировала высокие спортивные результаты. Завоевала золото Чемпионата мира, стала абсолютной Чемпионкой Азии, принесла в копилку сборной — 2 серебрянные медали Юношеских Азиатских игр, а также, стала многократной чемпионкой Республики Казахстан.
Поздравляем Ксению! Пусть эта победа и признание станут началом великой истории ежегодных наград и достижений в спорте!🎉


