2026 жылғы 13 қаңтарда Қарағанды қаласында Қарағанды облысының ауыр атлетика федерациясының Президенті Алданыш Айдар Қайратұлының қатысуымен кеңейтілген жұмыс кеңесі өтті.
16 января, 2026
Кеңеске сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясының Бас хатшысы Астамирова Мадина Нуржановна, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві» бөлімінің басшысы Нокин Дархан Берикович, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты КМҚК «Олимпиадалық резерв даярлау орталығының» басшысы Байшулаков Жанат Сайранович, сондай-ақ Қарағанды облысының бапкерлер кеңесі толық құрамда және өңірлік федерацияның құрылтайшылары қатысты.
Кеңес дөңгелек үстел форматында өтті. Жұмыс кездесуі барысында өңірде ауыр атлетиканы одан әрі дамыту мәселелері, сондай-ақ ағымдағы ұйымдастырушылық және әдістемелік міндеттер қарастырылды. Бапкерлер кеңесінің өкілдері спортшыларды даярлау жоспарларын және өңірдегі өзекті проблемалық мәселелерді көтерді.
Кеңес барысында өңірлік федерацияның Президенті Алданыш Айдар Қайратұлы Қарағанды облысының ауыр атлетикасын дамыту бойынша жұмыс жоспарларын таныстырды. Талқылау қорытындысы бойынша бірқатар бағыттар мен үдерістер жұмысқа қабылданды.
Сонымен қатар, аталған кеңес аясында Федерация құрылтайшылары тарапынан Қарағанды облысының Ауыр атлетика федерациясының Вице-президенті болып Юшкевич Никита Юрьевич, ал жауапты хатшы қызметіне Кустумбаев Айдын Маратович сайланды.
Кеңестің қорытынды бөлімінде бапкерлер ұжымы Қарағанды облысында ауыр атлетиканы дамытуға көрсетіп отырған қолдауы мен жан-жақты ықпалдастығы үшін Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясының басшылығына алғыстарын білдірді.

13 января 2026 года в г. Караганде прошло расширенное рабочее совещание с участием Президента Федерации тяжелой атлетики Карагандинской области — Алданыша Айдара Қайратұлы.
Также, по приглашению, приняли участие: Генеральный секретарь Федерации тяжелой атлетики Республики Казахстан — Астамирова Мадина Нуржановна, Руководитель Отдела спорта высших достижений и спортивного резерва ГУ «Управление физической культуры и спорта Карагандинской области» — Нокин Дархан Берикович, Руководитель КГКП «Центр подготовки олимпийского резерва» ГУ «Управление физической культуры и спорта Карагандинской области» — Байшулаков Жанат Сайранович, тренерский совет по тяжелой атлетике Карагандинской области и учредители региональной федерации.
Совещание прошло в формате круглого стола. В рамках рабочей встречи были рассмотрены вопросы дальнейшего развития тяжелой атлетики в регионе, а также обозначены текущие организационные и методические задачи. Представители тренерского совета озвучили планы по подготовке спортсменов и проблемные вопросы в регионе.
В ходе совещания Президент региональной федерации — Алданыш Айдар Қайратұлы ознакомил коллектив с планами работы и озвучил ключевые направления развития тяжелой атлетики в Карагандинской области. По итогам обсуждений было принято решение по проведению детального анализа каждого отделения нашего вида спорта в области для дальнейшего усовершенствования стратегии развития технической стороны.
Также, в рамках данного совещания, учредителями Федерации были избраны: Вице-президент Федерации тяжелой атлетики Карагандинской области — Юшкевич Никита Юрьевич и ответственный секретарь Федерации — Кустумбаев Айдын Маратович.
В заключительной части тренерский коллектив выразил благодарность руководству Федерации тяжелой атлетики Республики Казахстан за оказываемую поддержку и содействие в развитии тяжелой атлетики в Карагандинской области!


