2025 жыл қорытындысы

31 декабря, 2025

17 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Мохаммед Джалуд Аль-Шаммариді, Азия ауыр атлетика федерациясының президенті Мохамед Юсеф Аль-Мануды және Қазақстан Республикасының ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджиев Гаджи Шапиевичті қабылдады.
Кездесу барысында Қазақстандағы ауыр атлетиканы дамытудың перспективалары талқыланды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Мохаммед Джалуд Аль-Шаммари мен Мохамед Юсеф Аль-Мануды II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

IWF (Халықаралық ауыр атлетика федерациясы) Атқарушы комитетінің бірауыздан қабылданған шешімімен Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясы 2028 жылғы Лицензиялық әлем чемпионатын өткізу құқығын дауыс беру қорытындысы бойынша жеңіп алды.

Аталған чемпионат 2028 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына лицензияларды иеленудің соңғы кезеңі болып табылады.

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ, ЦЗЯНШАНЬ қ.

2025 жылғы 9–15 мамыр аралығында Қытай Халық Республикасының Цзяншань қаласында өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, ерлер арасында командалық есепте 3-орын иеленді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЧЕМПИОНАТТАРЫ ЖӘНЕ ҚР ЖАСТАР ОЙЫНДАРЫ – 2025

2025 жылы Қазақстан Республикасының аумағында 6 Қазақстан Республикасы чемпионаты және VI Жастар ойындары өткізілді.
Жарыстар Алматы, Қостанай, Атырау, Өскемен, Жезқазған, Талдықорған және Астана қалаларында өтіп, спортшылардың барлық жас санаттарын қамтыды.
Аталған жарыстар спорттық дайындық деңгейін арттыруға және ұлттық құрамаларға перспективалы спортшыларды іріктеуге ықпал етті.

ЖАСӨСПІРІМДЕР, ЖАСТАР ЖӘНЕ ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

2025 жылғы 30 сәуір – 5 мамыр аралығында Перу Республикасының Лима қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алды:
6 алтын, 2 күміс және 3 қола.

АСТАНАДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ

2025 жылғы 4–10 шілде аралығында Астана қаласында 2014 жылдан бері алғаш рет Қазақстан аумағында ауыр атлетикадан жасөспірімдер, жастар және қыздар арасындағы Азия чемпионаты өтті.

Чемпионат аясында қазақстандық спортшылар 3 әлем рекордын және 7 Азия рекордын жаңартты.
«Best Male Athlete» номинациясы бойынша Әскербай Алихан мен Емберді Едіге марапатталды.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 50 медаль жеңіп алды
(21 алтын, 12 күміс, 17 қола) және U17 және U20 жас санаттарында жалпыкомандалық есепте 1-орын иеленді.

ПРИОРИТЕТТІ СПОРТ ТҮРІ

2025 жылдың қазан айында ауыр атлетика Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі бекіткен жоғары жетістіктер спортының басым бағыттары тізіміне енгізілді.

III ЖАСӨСПІРІМДЕР АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ

26–30 қазан аралығында Бахрейн Корольдігінің Манама қаласында өткен III Жасөспірімдер Азия ойындарында Қазақстан құрамасы:
2 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Әскербай Алихан мен Жұмабай Нұржан Жасөспірімдер Азия ойындарының рекордтарын орнатты.

VI ИСЛАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ОЙЫНДАРЫ

8–12 қараша аралығында Сауд Арабиясы Корольдігінің Эр-Рияд қаласында өткен VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан құрамасы:
3 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль еншіледі.

КСЕНИЯ ПРОЗОРОВА – «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПОРТШЫСЫ»

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырған «Үздік–2025» салтанатты марапаттау рәсімінде еліміздің үздік спортшылары марапатталды.

Лауреаттар қатарында ауыр атлетика өкілі Ксения Прозорова бар.
Ол – әлем чемпионы, Азия чемпионы, Жасөспірімдер Азия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы,
және «2025 жылдың үздік жас спортшысы» номинациясының жеңімпазы атанды.

ҚОРЫТЫНДЫ

2025 жыл қазақстандық ауыр атлетика үшін ең табысты әрі нәтижелі жылдардың бірі болды.
Ұлттық құраманың спортшылары халықаралық ареналарда 91 медаль жеңіп алды:
33 алтын, 25 күміс және 33 қола.

Бұл нәтижелер Қазақстан Республикасындағы ауыр атлетиканың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын және қазақстандық спортшылардың әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті екенін айқын дәлелдейді.