🥉 Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Едіге Емберді Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында үшінші орынға ие болды

10 ноября, 2025

Қазақстандық спортшы 79 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде. Ол жұлқа көтеруде үшінші орынға ие болды.

Едіге ең үздік мүмкіндігінде 152 келіні еңсерді. Осылайша қола медаль жеңіп алды.

Мысыр спортшысы Абдельрахман Эльсайед жеңімпаз атанды — 166 келі, ал әзірбайжандық Равин Алмаммадов екінші орынды иеленді — 155 келі.

Айта кетейік, серпе көтеру мен қоссайыстың қорытындысы бойынша да жеңімпаздар анықталады.

@olympickz

🥉Представитель команды Казахстана по тяжёлой атлетике Едыге Емберды стал третьим на Играх исламской солидарности в Эр-Рияде (Саудовская Аравия).

Казахстанский спортсмен стал третьим в «рывке» в категории до 79 килограммов.

Едыге в лучшей попытке поднял 152 килограмма. Этот результат принес ему «бронзу».

Победу одержал египтянин Абдельрахман Эльсайед — 166 килограммов.

Второе место занял Равин Алмаммадов (Азербайджан) — 155 килограммов.

Добавим, что также медали будут разыграны в «толчке» и сумме двоеборья.

📸 Тұрар Қазанғапов