Жеңіс! Жаңа рекорд! Жұмабай Нұржан – жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жұлқа көтеруден чемпионы

29 октября, 2025

Бахрейннің Манама қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық ауыр атлет Жұмабай Нұржан жұлқа көтеру жаттығуында алтын медаль жеңіп алды. 71 кг дейінгі салмақ дәрежесінде спортшы екінші мүмкіндігінде 144 кг көтеріп, ойындар рекордын орнатты, ал үшінші мүмкіндігінде оны 146 кг нәтижемен жаңартты. Бұл нәтиже сондай-ақ Азияның жасөспірімдер рекорды болып тіркелді. Күміс медальді Бахрейн спортшысы Adrian Granja (142 кг), қола медальді Түрікменстан атлеті Didarbek Jumabayev (138 кг) иеленді.

Спортшымызды жоғары нәтижесімен және лайықты өнер көрсеткенімен шын жүректен құттықтаймыз! 👏🏻

—-

Победа! И новый рекорд Азии!!!
Жумабай Нуржан — чемпион юношеских Азиатских игр в рывке!

Казахстанский тяжелоатлет Жумабай Нуржан завоевал золотую медаль в упражнении рывок на юношеских Азиатских играх в Манаме (Бахрейн). В весовой категории до 71 кг спортсмен установил рекорд Азиатских игр во втором подходе- 144 кг, затем обновил рекорд в третьем — 146 кг. Этот результат стал новым рекордом Азии!!!
Второе место занял Adrian Granja (Бахрейн) — 142 кг, третьим стал Didarbek Jumabayev (Туркменистан) — 138 кг.

Поздравляем спортсмена с высоким результатом и успешным выступлением! 👏🏻
Алға Қазақстан!