Жаңалықтар

14:18 | 17 қыркүйек 2013
Алматыда III Еуразиялық ойындар басталды. 15- 20 қыркүйек аралығында өтетін бұл додалы жарысқа 13 пен 17 жастың аралығындағы 1 мыңнан астам спортшы қатысады. Қазақстан құрамасының атынан 297спортшы қатысқалы отыр. Жарыста барлығы 230 медаль топтамасы сарапқа салынады. Осы жарыста біздің құраманың қоржынына түскен алғашқы алтынды ауыр атлет Тимур Хасаров қанжығалап отыр. 56 кг дейінгі салмақ санатында өнер көрсеткен Тимур өз қарсыласы…
12:32 | 17 қыркүйек 2013
Корея Халық-Демократиялық Республикасында жасөспірімдер мер ересектер арасында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия Кубогының жарыстары мәреге жетті. Ауыр атлеттердің жарысы 11-17 қыркүйек аралығында Пхеньяндағы Чон Чу Ен атындағы спорт кешенінде өтті. Бұл байрақты бәсекеге Солтүстік және Оңтүстік Корея құрамаларымен қоса, Қытай, Сирия, Үндістан, Бангладеш, Өзбекстан, Қырғызстан, Куәйт, Мьянма және Таиланд командалары, сондай-ақ Қазақстанның құрама командасы да қатысты. Қазақстандық ауыр атлет Денис…
14:00 | 12 қыркүйек 2013
Кеше, 11 қыркүйекте Корея Халық-Демократиялық Республикасында Ауыр атлетикадан Азия кубогының ресми ашылуы өтті. Салтанатты рәсімге Азия ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Әли Моради, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының Жарыстар өткізу жөніндегі бас директоры Аттила Адамфи, жарысқа келген командалардың спортшылары мен жаттықтырушылар қатысты. Азия кубогына қатысу үшін Пхеньянға Қазақстанның да ауыр атлетика құрамасы аттанды. Жарысқа сонымен бірге Қытай, Сирия, Үндістан, Бангладеш, Өзбекстан…
00:00 | 07 қыркүйек 2013
Жақын арада бүкіл ел қазақстандық ауыр атлет, олимпиада чемпионы Зульфия Чиншанлоның Қытай азаматына тұрмысқа шыққандығынан құлағдар болды. Спортшының қытай азаматтығындағы күйеуі БАҚ назарына ілікті. Осы себептен де Чиншанло Қазақстаннан кетеді деген сыбыстар пайда болды. Зульфияның өзі бұл жағдайды қарапайым қауесет ретінде қабылдап, ешқайда да кететін ойы жоқ екендігін мәлімдеді. Болашақ жарымен чемпион қыз Қытайдағы ауыр атлетика залдарындағы жаттығу кезінде танысқандығын…
15:00 | 26 тамыз 2013
Нанкиндегі (Қытай) жасөспірімдер арасындағы Азиада ойындарының жүлделі орындары үшін болған дүбірлі дода межесіне жетіп, жабылу салтанаты өтті. 16-24 тамыз аралығында 45 Азиялық аймақтың 2 430 спортшысы 17 түрлі спорттың түрінен, оның ішінде ауыр атлетика, дзюдо және таеквондодан бақтарын сынады. Қазақстандық құрама осы тартыстарда 10 медальға ие болып, 45 елдің ішінде жалпыкомандалық есеп бойынша 12-ші орынға жайғасты. 10 медальдың 5-еуін біздің…

Әлеуметтік желідегі парақшалар