Жаңалықтар

15:53 | 21 қыркүйек 2013
Бүгін Астанада қалалық әкімдіктің қолдауымен Британ-Қазақстан қоғамы (British-KazakhSociety,BKS) ұйымдастырған V қайырымдылық жүгіру шарасы өтті. Бұл марафонның мақсаты - түрлі қайырымдылық жобалар үшін қаржы жинау болып табылады. 2012 жылы Астанада және Алматыда өткізілген BKS марафондары кезінде жиналған қаражат «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Тыныс ал, балақай! - Петропавл» жобасын іске асыруға жұмсалған болатын. Жиналған қаражатқа Петропавлдағы облыстық перзентхана үшін15 460 905 теңге сомаға…
12:04 | 18 қыркүйек 2013
Алматыда III Еуразиялық спорттық ойындар жалғасуда. Назарларыңызға жарыстың аралық қорытындысын ұсынамыз. Ауыр атлетика Қазақстан құрамасы алғашқы «алтынды» жеңіп алды. 56 кг дейінгі салмақта өнер көрсеткен Тимур Хасаров қарсыласы ресейлік Руслан Латыповтан асып озып, жалпы есеппен 223 кг салмақты бағындырды, оның ішінде жұлқа көтеруден – 103 кг, серпе көтеруден – 120 кг. Сондай-ақ 69 кг салмақ санатында өнер көрсеткен Альберт Линдер…
11:13 | 18 қыркүйек 2013
КХДР ауыр атлетикадан ересектер мен жасөспірімдер арасында өткен Азия кубогы аяқталды. Дүбірлі дода 10-17 қыркүйек аралығында пхеньяндық спорт кешенде өтті. Гүлназ Наурызова Қазақстан құрамасының қоржынына күміс алқа салды. «Ересектер» санатында 69 кг дейінгі салмақта өнер көрсеткен Гүлназ 204 кг (94+111) сомасын бағындырып, оңтүстіккореялық қарсыласы Чен Джи Йоннан басым түсті. Өкінішке орай, бұл көрсеткіш 26-жасар ауыр атлетке жеңіс тұғырының бірінші сатысына…
14:18 | 17 қыркүйек 2013
Алматыда III Еуразиялық ойындар басталды. 15- 20 қыркүйек аралығында өтетін бұл додалы жарысқа 13 пен 17 жастың аралығындағы 1 мыңнан астам спортшы қатысады. Қазақстан құрамасының атынан 297спортшы қатысқалы отыр. Жарыста барлығы 230 медаль топтамасы сарапқа салынады. Осы жарыста біздің құраманың қоржынына түскен алғашқы алтынды ауыр атлет Тимур Хасаров қанжығалап отыр. 56 кг дейінгі салмақ санатында өнер көрсеткен Тимур өз қарсыласы…
12:32 | 17 қыркүйек 2013
Корея Халық-Демократиялық Республикасында жасөспірімдер мер ересектер арасында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия Кубогының жарыстары мәреге жетті. Ауыр атлеттердің жарысы 11-17 қыркүйек аралығында Пхеньяндағы Чон Чу Ен атындағы спорт кешенінде өтті. Бұл байрақты бәсекеге Солтүстік және Оңтүстік Корея құрамаларымен қоса, Қытай, Сирия, Үндістан, Бангладеш, Өзбекстан, Қырғызстан, Куәйт, Мьянма және Таиланд командалары, сондай-ақ Қазақстанның құрама командасы да қатысты. Қазақстандық ауыр атлет Денис…

Әлеуметтік желідегі парақшалар