Жаңалықтар

04:07 | 30 қыркүйек 2014
Бұл қарапайым қыз Инчхондағы жазғы Азия ойындарында ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасына жалғыз алтынды сыйлады. Азиада алтынын алған соң, Маргарита Елисеева өз еліне оралып, confederation.kz сайтына сұхбат берген болатын. - Шынымды айтсам, мен Азия ойындарына алтын үшін барған жоқпын, - дейді Рита. – Көбіне күміс аламын деген ой болды. Өйткені, салмақ қуған соң, нәтиженің төмендейтінін сездім. Алайда, өзіме де, өзгелерге де…
21:46 | 29 қыркүйек 2014
Алматыда зілтемірші жұлдыздарымыздың қатысуымен «Чемпион штангасы» акциясы өтті. Салтанатты шара жақында Алматыда өтетін ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қолдау ретінде өткізілді. «Мега» ойын-сауық орталығында өткен акцияға қала тұрғындары ауыр атлетиканың жұлдыздары Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зүльфия Чиншланло, Азия ойындарының алтын жүлдегері Маргарита Елисеева, күміс жүлдегері Мария Грабовецкая, ҚР ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни қатысты. Қала тұрғындары мен қонақтары…
23:34 | 24 қыркүйек 2014
Seonhak Gymnasium. Бокс (іріктеу) 11:00. Ілияс Сүлейменов (52 келі) – Чатчай Бутди (Тайланд) Moonlight Festival Garden. Ауыр атлетика 13:00. Жазира Жаппарқұл (75 келі) 16:00. Алмас Өтешов (94 келі) Астана уақыты көрсетілген
22:36 | 23 қыркүйек 2014
Маргарита Елисееваның алтыны мен Зүлфия Чиншалоның күмісінен өзге, ауыр атлеттерге Азия ойындарынан жүлде алу мүмкін болмай тұр. Бүгін 2006 жылы Дохада өткен Азия ойындарының жеңімпазы Вячеслав Ершов зілтемір сахнасына шыққан. Алғашында 85 келіде сынға түседі деп күтілген Ершов соңғы сәтте 77 келіде өнер көрсетті. Оның Инчхондағы көрсеткіші төмендегідей: 336 келі (160+176) – бесінші орын. 77 келі. Жеңімпаз бен жүлдегерлер: 1.…
18:38 | 22 қыркүйек 2014
Азия ойындарының (19 қыркүйек – 4 қазан, Инчхон, Оңтүстік Корея) үшінші жарыс күнінде қазақстандық ауыр атлеттер жүлдеге іліге алған жоқ. 69 келіде сынға түскен Александр Ким 297 келімен (136+161) В тобында үздік атанған. Алайда, жалпы есепте топ жару үшін бұл ұпай мүлде жеткіліксіз болып шықты. Отандық зілтемірші небәрі 11-і орында.

Әлеуметтік желідегі парақшалар