Жаңалықтар

22:08 | 12 қараша 2014
Алматыдағы әлем чемпионатында 77 келіде сынға түскен Кирилл Павлов жанкүйерін қуантып, спорттық ғұмырындағы ең үздік нәтижені тіркеді (8-16 қараша, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы). Павлов бұл салмақтың үздіктерімен терезесі тең өнер көрсетті. Бірде бір мүмкіндігін қалт жіберген жоқ. Алайда, үздіктер үштігіне сына қаға алмады. Қоссайыс қорытындысы бойынша 352 келіні көтерген ол (157-195) жалпы есепте төртінші орынға табан тіреді. Бұл Павловтың…
14:01 | 07 қараша 2014
Ертең Алматыда ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталады (8-16 қараша, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы). Ал Қазақстан ұлттық құрамасында өзгеріс орын алды. Ұлттық құрама үздіктерінің бірі Светлана Подобедова (75 келі) әлем чемпионатынан сырт қалады. Ол кезекті жаттығулардың бірінде ауыр жарақат алып қалды. Сонымен қатар, 58 келідегі Сәуле Сәдуақасованың да чемипионатқа қатыспайтыны белгілі болды. Одан бөлек, бапкерлер кеңесі үлкен өзгеріс енгізді. Майя…
23:17 | 06 қараша 2014
Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков Алматыдағы өтетін әлемдік дода туралы өз пікірімен бөлісті (8-16 қараша). - Арнайы әлем чемпионаты үшін спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының қолдауымен 97 жиынтық спорттық құрылғылар сатып алынды. Оның ішінде зілтемір мен тақтай тұғыр бар. 60 тақтай тұғырды біз жаттығу залдарына орналастырдық. Өзге елспортшылары дайындықты бастап кетті. Олардың арнайы кестелері бар.…
22:28 | 06 қараша 2014
Алматыдағы лицензиялық әлем чемпионатының алдында (8-16 қараша, Алматы, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы) Қазақстан ауыр атлетика федерациясы «Центр тяжести» деректі фильмін жарыққа шығарды. Ұлттық құрама спортшыларының ойы, оларды зілтемірге жетелеген жол, залдағы ауыр жаттығу кездері, өздері маманданған істің кемшін тұстары мен бапкерлер кеңесінің елімізде өтетін әлемдік сыннан не күтетінін «Центр тяжести» фильмінен толық біле аласыздар. Барлықтарыңызға фильмді көруге кеңес береміз!
18:17 | 29 қазан 2014
Бүгін Астанада Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясына қарайтын спорт түрлерінен XVII Жазғы Азия ойындарында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшыларды марапттау рәсімі өтті. Спортшыларға Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев, «Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры Дархан Қалетаев, күрес түрлері федерациясының президенті Сауат Мыңбаев, таеквондо федерациясының президенті Вячеслав Ким және ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбековтер сертификат табыстады. Сонымен қатар,…

Әлеуметтік желідегі парақшалар