Жаңалықтар

21:13 | 20 қыркүйек 2014
Қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей (56 келі) ХVІІ жазғы Азия ойындарында (19 қыркүйек – 4 қазан) жетінші орында қалды. Қоссайыс қорытындысы бойынша Чонтей 267 келіні (122+145) көтерді. Бұл медальға иелік ету үшін мүлде жеткіліксіз еді. 56 келі. Қорытынды: 1. Юнчол Ом (Солтүстік Корея) – 298 келі (128+170) 2. Ким Туан Тхач (Вьетнам) – 294 келі (134+160) 3. Жингбиао Ву (Қытай)…
15:20 | 20 қыркүйек 2014
Қазақстандық зілтемірші қыз Маргарита Елисеева (48 келі) ХVІІ жазғы Азия ойындарында (19 қыркүйек – 4 қазан, Инчхон, Оңтүстік Корея) алтын медаль жеңіп алды. Екі сайыстың қорытындысынан соң, 194 келіні (88+106) көтерген ол топтан қара үзіп шықты. Екінші орында 187 келіні (80+107) еңсерген Индонезия өкілі Шри Вахуни. Үздік үштікті өзбекстандық Махлийо Тогоева тұйықтады. Оның көрсеткіші де 187 келі (81+106). Алайда, салмағының…
12:49 | 20 қыркүйек 2014
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы Астанада өткен қайырымдылық жартылай марафонын қолдады. Бүгін Астанада Британ-Қазақ Қоғамы (British-Kazakh Society, BKS) мен Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастырумен алтыншы қайырымдылық марафоны өтті. Елордамызда өткен бұл жартылай марафонның мақсаты тек қана спортты насихаттау емес. Осы шара аясында түрлі қайырымдылық жобаларына қаржы жиналады. BKS ұйымдастырған марафондардан түскен биылғы қаражат «Аяла» қайырымдылық қорының «Комната-Доктор» жобасына…
21:28 | 19 қыркүйек 2014
Жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жеңіп алған барлық жүлде: Хиросимадан Гуанджоуға дейін Азия ойындары, 1994 (Хиросима, Жапония) Алтын 1. Қанатбек Шағатаев - бокс (71 келі) 2. Нұржан Сманов - бокс (67 келі) 3. Мәулен Мамыров – еркін күрес (52 келі) 4. Юрий Мельниченко - грек-рим күресі (57 келі) 5. Дәулет Тұрлыханов - грек-рим күресі (82 келі) 6. Вячеслав Ню -…
19:19 | 18 қыркүйек 2014
Семейде спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлерінен (бокс, күрес, дзюдо, таеквондо, ауыр атлетика) «Тарлан» әмбебап дене шынықтыру және сауықтыру кешені ашылды. Спорт кешені қажетті құрылғылардың барлығымен жабдықталған. Кешенде бір мезгілде 100-ден аса адамның жаттығуына мүмкіндік бар. Кешеннің ашылу салтанатына ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Серік Қонақбаев, ҚБФ атқарушы директоры Бекжан Бектенов және тағы да басқа ресми…

Әлеуметтік желідегі парақшалар