Жаңалықтар

12:45 | 06 сәуір 2017
5 сәуірде, Серік Сапиев атындағы Қарағандылық Боксты Дамыту Орталығында, Қарағанды және Теміртау балалар үйлерінің 300-ден астам балалары Наурыз мерекесін тойлап өтті. Түрлі ұлттық тағамдар мен тәттілерге толы мерекелік дастарханнан бөлек, балалар хореографиялық ұжымдары мен аймақтағы танымал вокалдық орындаушылармен бірге олар интерактивті концерттік бағдарламаға қатысып, өздерінің жеке сурет көрмесін ұйымдастырды, суреттерді олар әдейі осы күнге арнап дайындады. ҚР ауыр атлетика Федерациясы…
08:30 | 04 сәуір 2017
Бүгін Тайландтың Бангкок қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының жалауы желбірейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 10 сәуірге дейін жалғасатын аталмыш додада Қазақстан құрамасының намысын 20 спортшы қорғамақ. Оның 10-ы қыз болса, 10-ы бозбалалар. 18 жасқа дейінгі қыздар арасында Қазақстан намысын қорғайтындар: 48 келі: Дарья Серебрякова 58 келі: Махаббат Серікболқызы 58 келі: Гүлдана Жүніс 63 келі: Карина Кузганбаева 63 келі:…
12:21 | 20 наурыз 2017
Құрметті достар! Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға амандық, құт-береке, бақыт тілейміз! Ақ мол, жыл ырысты болсын!
13:23 | 07 наурыз 2017
Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының ауыр атлетика бойынша Кубогы өтті. Дәстүрге айналған жарысқа қатысуға еліміздің 12 облысынан 150 спортшы келді. Ерлер арасында жалпы командалық есеп бойынша Алматы облысы көшбасшы атанды, екінші орынды турнирдің ұйымдастырушылары – Қызылорда облысы алды. Әйелдер арасында бірінші орынды Алматы қаласы, «күміс» жүлдені Алматы облысы, ал «қола» жүлдені ерлер мен әйелдер арасында Шығыс-Қазақстан облысы ұтып алды. Жекелей жаттығулар…
22:04 | 01 наурыз 2017
Қызылордада ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Кубогы және чемпионаты басталды. Оған Астана, Алматы қалалары мен облыстардан 14 команда қатысуда. Барлығы 150 спортшы 16 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Аталмыш жарыс 10-15 сәуірде Ашхабадта (Түркіменстан) өтетін Азия чемпионатына спортшыларды іріктеу сыны болып табылады. Сондай-ақ, 105 келі салмақта жеңімпаз атанған спортшыға ИльяИльиннің кубогы мен сертификаты табысталады. Жарыстың салтанатты ашылуында облыстық…

Әлеуметтік желідегі парақшалар