Жаңалықтар

17:22 | 18 қыркүйек 2014
Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни Азия ойындары (19 қыркүйек – 4 қазан, Инчхон, Оңтүстік Корея) туралы өз ойымен бөлісті: - Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсетуге тырысамыз. Қазіргі құрамымыз аралас. Жас спортшыларға иек артып отырмыз. Жастар Ильин, Манеза және Подобедованың жоқтығын білдіртпейді деп ойлаймын. Олар өз жерімізде өтетін әлем чемпионатына тыңғылықты дайындық жүргізуде. Азия ойындарында әрбір спортшымыздың…
18:09 | 15 қыркүйек 2014
Конфедерация құрамына кіретін спорт түрлері бойынша ХVІІ Азия ойындарында сынға түсетін спортшылар тізімі (19 қыркүйек – 4 қазан, Оңтүстік Корея): Бокс Ерлер құрамасы: 49 келі. Біржан Жақыпов – Азия ойындарының күміс жүлдегері (2010) 52 келі. Ілияс Сүлейменов 56 келі. Қайрат Ерәлиев 60 келі. Берік Әбдірахманов 64 келі. Айдар Әмірзақов 69 келі. Данияр Елеусінов – Азия ойындарының жеңімпазы (2010) 75 келі.…
12:26 | 15 қыркүйек 2014
Астаналық Garden Inn Astana қонақүйінде Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының спорт түрлері бойынша Нанкинде (Қытай) өткен II жазғы Жасөспірімдер Олимпиялық ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтеді. «Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың саясатының арқасында елде спорт серпінді дамып келеді. Жыл сайын бізде ірі, әлемдік деңгейде жарыстар өтеді. Спортшыларымыз барлық ірі халықаралық жарыстарға қатысып жүр. ІІ Жасөспірімдер Олимпиялық…
12:13 | 13 қыркүйек 2014
Қарсы алдымда аласа бойлы, көзілдірік таққан ақбасты қария отыр. Оның қазақ спортына қомақты үлес қосқан тұлға екенін көп ешкім біле бермейді. Бейжің мен Лондондағы Олимпиада ойындарынан соң зілтемірдің қос дөңгелегінен жанкүйер жүлде күтеді. Ал, қазақ ауыр атлеттерінің томағасын сыпырып, зілтеміршілерді даңғыл жолға бастайтын Амангелді Рымқұлдың бұл саладағы еңбегі зор. Он баланың әкесі, өнегелі отбасының отағасы Амангелді атай жасы жетпіске таяса…
17:50 | 12 қыркүйек 2014
Бүгін Астанада Нанкинде өткен ІІ Жасөспірімдер Олимпиадасында (16-28 тамыз, Қытай) Конфедерация құрамына кіретін спорт түрлері бойынша жеңімпаз мен жүлдегер атанған спортшыларды марапаттау рәсімі өтті. Жас спортшыларымыздан бөлек, олардың жеке жаттықтырушылары мен ұлттық құрама бапкерлері және ғылыми-кешенді топтың мамандарына да ақшалай сыйлық тарту етілді. Жеке компаниялардың қолдауымен Конфедерация алтын жүлде иегерлеріне 25 000, күміс жүлдегерлерге 15 000, қола жүлдегерлерге 10 000…

Әлеуметтік желідегі парақшалар