Бастамасы жақсы

00:03 | 03 қараша 2018

Арли Чонтей Ашхабадта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына алғашқы жүлдені жеңіп әперді.

55 келі жаңа салмақ дәрежесінде біздің атлет екінші орын алды. Жұлқи көтеруде Арли 120 келіні бағындырып, кіші күміс медалға ие болды. Серпи көтеруде зілтемірші 138 келіні алақанында ойнатты. Бұл күміс жүлде үшін жеткілікті болатын.
Бірінші орынды Олимпиада чемпионы Солтүстік Корея спортшысы Ом Юн Чхоль (120+162) жеңіп алды. Үздік үштікті италиялық Мирко Скарантино қорытындылады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар