Допингпен күресте

14:45 | 10 қыркүйек 2018

Талдықорғанда өткен ерлер және әйелдер арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасы Жеке-командалық чемпионаты кезінде облыс спортшыларына арналған АДАМС жүйесін оқыту семинары өтті.

Семинарда атлеттер таныстырылым материалдарымен танысты, сондай-ақ спортшының 4тоқсан бойғы орналасқан жері туралы ақпаратты толтырып, АДАМС жүйесінің қалай жұмыс істейтінін іс жүзінде танып білді.

Одан кешірек жарыс өткен орын – «Жастар» спорт сарайында ҚР ауыр атлетика федерациясы мен Қазақстан допингке қарсы орталығы бірлесіп, жаттықтырушылар мен спортшыларға арналған Outreach білім беретін допингке қарсы бағдарламасы семинарын өткізді. Шара барысында форум қатысушылары ойын түрінде негізгі допингке қарсы ережелерді бойынша өздерін сынады, өздерін толғандырған сұрақтардың жауабын алды және ынталандыру ретінде ұйымдастырушылар тағайындаған сыйлықтарға ие болды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар