ҚР чемпионаты 2018

13:48 | 25 тамыз 2018

28 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Талдықорған қаласының «Жастар» спорт кешенінде ауыр атлетикадан ерлер және әйелдер арасында ҚР жеке-командалық чемпионаты өтеді. Жарысқа белгілі спортшылар – Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлемдік және құрлықтық біріншіліктердің жеңімпаздары қатысады, олардың ішінде Нижат Рахимов, Жазира Жаппарқұл, Александр Зайчиков, Денис Уланов, Карина Горичева және басқалар бар. Сондай-ақ допингке байланысты жарысқа қатысу құқығынан айырылған Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло жарыс тақтайтұғырына шығады.

Qazsport телеарнасы жарыстан тікелей трансляция жүргізуді жүзеге асырады.

Юрий Мельников, ҚР ҰҚК бас бапкері:

- Аталмыш турнир осы жылдың ауыр атлетикадағы басты жарысы - Ашхабадта жалауы желбірейтін әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңі болмақ.Талдықорған тақтайтұғырына ұлттық құрама команданың барлық мүшесі тегіс шығады. Әрине, олардың әрқайсысы әлем чемпионатына баруды көзейді, сондықтан спортшыларымыз өз бабының қандай екенін қарашада тексеретін болады. Талдықорғанда рекордтар көп бола қоймас деп ойлаймын, себебі Ашхабадқа дейін әлі үш жаттығу жиындары бар.Зілтеміршілеріміз сол жиындарда өз баптарына келуі тиіс, алайда Жетісу жеріндегі чемпионат қызықты өтеріне күмәнім жоқ.

28.08.2018 ж.

1-лек –салмақ өлшеу 9.00 Ерлер 55кг

- басталуы 11.00 Ерлер 55кг

АШЫЛУ ШЕРУІ-14.00-15.00

2-лек - салмақ өлшеу 13.00 Әйелдер 45,49кг

- басталуы 15.00 Әйелдер 45,49кг

29.08.2018 ж.

1- лек - салмақ өлшеу 9.00 Әйелдер 55,59кг

- басталуы 11.00 Әйелдер 55,59кг

2- лек - салмақ өлшеу 13.00 Ерлер 61кг

- басталуы 15.00 Ерлер 61кг

30.08.2018 ж.

1- лек - салмақ өлшеу 9.00 Ерлер 67кг

- басталуы 11.00 Ерлер 67кг

2- лек - салмақ өлшеу 13.00 Әйелдер 64,71кг

- басталуы 15.00 Әйелдер 64,71кг

31.08.2018 ж.

1- лек - салмақ өлшеу 9.00 Әйелдер 76, 81кг

- басталуы 11.00 Әйелдер 76, 81кг

2- лек - салмақ өлшеу 13.00 Ерлер 73кг

- басталуы 15.00 Ерлер 73кг

01.09.2018 ж.

1- лек - салмақ өлшеу 9.00 Ерлер 81, 89кг

- басталуы 11.00 Ерлер 81, 89кг

2- лек - салмақ өлшеу 13.00 Әйелдер 87, 87+ кг

- басталуы 15.00 Әйелдер 87, 87+ кг

02.09.2018 ж.

1- лек - салмақ өлшеу 9.00 Ерлер 96, 102кг

- басталуы 11.00 Ерлер 96, 102кг

2- лек - салмақ өлшеу 13.00 Ерлер 109, 109+ кг

- басталуы 15.00 Ерлер 109, 109+ кг

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар