Жұмыс кездесуі

16:26 | 30 шілде 2018

26 шілде күні АІВА Бүкіләлемдік Бокс Академиясы (Алматы облысы) спорт базасында ҚР Ауыр атлетика федерациясы басшылығы Ұлттық құрама команда мүшелерімен кездесті.

Кездесу барысында салмақ дәрежелері, 2020 жылғы Олимпиада ойындарының іріктеу ережелері, биыл Ашхабадта өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі саналатын Қазақстан Республикасы чемпионатына дайындық және басқа да көптеген маңызды мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ құрама мүшелеріне психологиялық қолдау көрсететін, қазақстандық құрама команда атлеттерінің дайындығы мен оларды қалыпқа келтірудің жаңа әдістерін енгізетін жаңа мамандар таныстырылды.

ҚР ААФ Бас хатшысы Алдияр Нұралинов:

-Кездесудің мақсаты ауыр атлетика әлеміндегі соңғы өзгерістерді спортшылармен отырып талқылау болатын. Федерация басшылығы психология, нейробұлшық етті ынталандыру және транскраниальді терапия салаларының зерттеулері мен әдістерін қолдана отырып, ұлттық құрама спортшыларын дайындаудың жаңа белесіне көтерілу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға даяр. Осыған орай біз спортшыларға қажетті көмек көрсететін мықты мамандарды тартып жатырмыз

Тағы бір жаңашылдық – осы жылы ҚР чемпионатына барлық атлеттер қатыса алады. Өздеріңіз білетіндей, IWF жеке іріктеу бойынша жаңа іріктеу ережелерін қабылдады, біз мұны толықтай қолдаймыз. Спортшылардың жеке іріктелуі таза транспарентті күрес кепілі болмақ Сол үшін жетістігі мен дәрежесіне қарамастан әр атлет үнемі «жарыс» режимінде жүруі өте маңызды

Жазира Жаппарқұл, ҚҰҚ мүшесі:

- Кәсіпқой спортта , өмірдегі сияқты психологиялық тұрақтылық өте маңызды. Тұғырдағы жеңіс ең алдымен өз санаңда жүреді. Біз, спортшылар, өміріміздің көп бөлігін жаттығу залында, жаттығуларда, сырттағы жарыстарда өткіземіз, жақындарымызбен бірге болып, олардың қолдауын сезінуге біздің уақытымыз өте аз. Сол себепті психолог-кеңесші әр командада болу керектігіне сенімдімін, біз сондай мамандардың бізбен жұмыс істейтініне қуаныштымыз. Біздің өзімізді қайрауымыз, тіпті нәтижеміз де соған байланысты болмақ. Өз атымнан атлеттердің жоғын жоқтап, мұңын мұңдап жүретін федерация басшылығына алғыс білдіремін.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар