Майра Бақашева: "Спортшылар жауапкершілікті сезіне бастады"

11:00 | 19 маусым 2018

14-маусым күні Алматы облысында орналасқан AIBA Бүкіләлемдік Бокс Академиясында ауыр атлетикадан ҚР ерлер құрамасына арналған допингке қарсы семинар өтті. Семинарды ұйымдастырушы - Қазақстан Ұлттық допингке қарсы орталығы.

Майра Бақашева, ҚазҰДҚО директоры:

- Біз кезекті жоспарланған кездесу - ауыр атлетика спортшылары мен жаттықтырушыларына арналған семинар өткіздік. Үш сағат бойы ашық, өзекті тақырыптарды талқыладық. Жігіттер қызығушылық танытып, сұрақтарға жауап беріп, өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша сұрақтар қойып жатты.

Маңызды мәселелер туралы сөз қозғалды, жаңа стандарттар, оның ішінде білім саласындағы стандарттарға тоқталдық. Спорттық тағамдар мен оны абайсыз пайдаланудың неге әкеліп соғатынына ерекше көңіл бөлінді. Бір қарағанда қауіпсіз болып көрінетін биологиялық белсенді қоспаларддың(ББҚ) арты қатерлі проблемаларға айналуы мүмкін. Қазіргі уақытта біз әр спортшыға арнап, биологиялық паспорт жүргізіп жатырмыз, оның пайдасы тестілеу мен жекелеген тыйым салынған заттардың сәйкестігін анықтауға ұмытылмай-ақ, нормадан ауытқушылықты тіркеу жолымен допинг бойынша тәртіп бұзушылықты анықтауға болады.

Айтуға тиіс мәселелердің бәрін айттық. Қазіргі кездегі спортшылардың санасында, мысалы осыдан 5 жыл бұрынғы жігіттердің санасынан әлдеқайда айырмашылық бар. Бұрынғыдай немқұрайлылық, дарақылық жоқ, қайта жауапкершілікті сезіну, түйсіну бар. Атлеттер мұндай кездесулердің, ең алдымен өздеріне керектігін түсінеді, - деп атап өтті Майра Бақашева.

Жақын күндері осыған ұқсас семинар ауыр атлетикадан әйелдер құрамасында дв өтетін болады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар