ҚР Кубогы 2018. ​үшінші күн.

12:20 | 16 мамыр 2018

ҚР Жеке-командалық Кубогы мен Чемпионатының үшінші күні «БИИК» спорт кешені тақтайтұғырында 69 келі салмақ категориясы бойынша жекелей жаттығуларда ерлер бәсекелесті. Алтын медаль Алматы облысының өкілі Анатолий Савельев(131+168) бұйырса, Шахрух Гайбуллаев(138+160) «күміспен» күптелді. Владимир Васильев(134+156) қола медальға ие болды.

69 келіге дейінгі әйелдер арасында Надежда Лихачева(115+140) көш бастады. Екінші және үшінші орындардыДарья Павлова (95+113) мен Аиша Омарова (81+101) бөлісті.

75 келіге дейінгі әйелдер бәсекесінде Алтынай Дәменге (99+125) тең келер ешкім болмады. Екатерина Столяренко(95+118) 11 келіге кем көтеріп, екінші орын иеленді.«Қола» дәл сондай 213 келі нәтижесін көрсеткен Екатерина Быковаға бұйырды(94+119).

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар