ҚР Кубогы- 2018. Бірінші күн.

10:04 | 14 мамыр 2018

Шымкент қаласындағы БИИК спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Жеке-командалық кубогы мен чемпионатының алғашқы жарыс күнінде жекелей жаттығуларға 56 келідегі ерлер мен 48 келіге дейінгі және 53 келі салмақ категорияларындағы әйелдер шықты.

Ерлер арасында бірінші орынды Рио Олимпиадасының қатысушысы Арли Чонтей (115+136) жеңіп алды. Екінші орынға 16 жастағы Алматы облысының өкілі Сайрамкез Акмолда (100+130) жайғасты. Үздік үштікті Виктор Надворный (97+117) қорытындылады.

Әйелдер арасында 48 келі салмақ категориясы бойынша 2002 жылы туылған Юлия Потасова (72+88) жеңімпаз атанды. Күміс жүлде Наталье Бедрикке(66+83) бұйырса, Диана Серебрякова(58+80) қоланы қанағат тұтты.

53 келіде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әйгерім Ауылбек(75+90) теңдессіз деп танылса, екінші және үшінші орындарды Диана Жүсіпбекова(62+80) мен Алтыншаш Оразбек (55+75) бөлісті.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар