Астанада IWF Бас хатшының кеңсесі орналасатын болады

14:45 | 25 тамыз 2017

Халықаралық ауыр атлетика федарациясының (IWF) Бас хатшысы Мохаммед Джалудтың Астанаға жұмыс сапары аяқталды. Іссапар аясында М.Джалуд IWF вице-президенті – Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбековпен кездесті. Кездесу барысында IWF дамытудың бірқатар маңызды мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мохаммед Джалуд IWF-тің вице-президенті Жанат Түсіпбековтың кеңсесімен бірге IWF-тің Бас кеңсесін Астанада орналастыру туралы өз шешімін хабарлады.

Өз шешімін Мохаммед Джалуд жұмыс істеудің қолайлылығымен түсіндірді. Ол ауыр атлетика бойынша Қазақстан көшбасшы болып табылатынын, оның үстіне континенттің ортасында орналасқанын, бұл өз кезегінде Азия және шетел мемлекеттерімен ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік беретіндігін айрықша атап өтті. Қазақстандық ауыр атлетика маңызды дәстүрлерге, мол жаттықтырушылық және ғылыми тәжірибеге ие. Қазақстан федерациясы қолданатын допингке қарсы жан-жақты шаралар маңызды фактор болып табылады, ол таза спортты ілгерілету бойынша жағдайды айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді. Бас хатшының маңызды міндеттерінің бірі тәжірибе алмасуды ілгерілету және ауыр атлетиканың дамуына қолдау көрсету болып табылады, сондықтан Мохаммед Джалудтің пікірі бойынша Астана кеңсені орналастыру үшін ең лайықты жер болып табылады.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының дәстүрлі үш өкілдігі бар. Ресми түрде IWF Лозаннада тіркелген, ал IWF штаб-квартирасы қазіргі уақытта Будапештте орналасқан. Бас хатшының кеңсесі оның жұмысы үшін қолайлы жерде ашылуы мүмкін. М.Джалудтың ізашары 8 жыл бойы өз кеңсесін Бейжіңде орналастырып келді.

Мохаммед Джалуд IWF-тың Бас хатшысы болып 2017 жылдың 29 мамырында 4 жыл мерзімге Бангкоктегі Сайлау конгресінде тағайындалды. Дәл сол жерде Жанат Түсіпбеков IWF-тің вице-президенті және IWF-тің Маркетингтік комиссиясының төрағасы болып сайланды.

М.Джалуд пен Ж.Түсіпбеков бірлесіп жұмыс істеу үшін өздерінің бірлескен өкілдіктерін Қазақстанның астанасы – Астанада құруды шешті, ол зор тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бас хатшы:

- Араға біраз уақыт салып мен Астанаға қайта оралып, тағы да қатты әсер алдым. Астана мені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы заманауи халықаралық әуежаймен қарсы алды. Келесі күні Экспо-2017 қаншалықты ауқымды және орасан зор екендігіне көз жеткіздім! Астана – керемет қала, менің оны таңдауым кездейсоқ емес. Мені қаланың өсу динамикасы мен оның спорттық инфрақұрылымы таң қалдырады. IWF-тің Бас хатшысы мен Вице-Президентінің кеңсесі де Астанада дәл осылай қарқынды әрі тиімді жұмыс істейтіндігіне сенімдімін.

Жанат Түсіпбековпен бірге жұмыс істегенімізге бірталай жыл болды, Азияда ауыр атлетиканы дамыту, ауыр атлетика жарыстарының маркетингін ілгерілету мен телевизиялық тарату саласында мол табыстарға қол жеткіздік. Бізді тағайындағаннан кейін біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. Өткен сайлауда бізге үлкен үміт артылды, қазіргі біздің мақсатымыз – осы сенімді ақтап шығу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасау.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар