Универсиаданың нәтижелері

10:51 | 25 тамыз 2017

Ауыр атлетика бойынша Қазақстан құрамасы Тайбейдегі Универсиада 2017-де өнер көрсетуін аяқтады. XXIX дүниежүзілік студенттер ойындарына біздің командамыздың құрамында барлығы 10 спортшы аттанып, оның алтауы медаль алып қайтты.

АЛТЫН:

Альберт Линдер (69 кг дейін) «серіппе көтеру» мен қоссайыс жиынтығында Универсиада рекордшысы

Айдар Казов (77 кг кейін)

Денис Уланов (85 кг дейін)

КҮМІС:

Карина Горичева (69 кг дейін)

Рустем Сыбай (94 кг дейін)

ҚОЛА:

Арли Чонтей (56 кг дейін)

ҚР ҰСҚ басжаттықтырушысы Юрий Мельников өз қол астындағылардың өнерлеріне түсініктеме берді:

- Нәтижеге көңілім толады, оның үстіне балалар біз күткендегіден де үздік өнер көрсетті, бұл қуантпай тұрмайды. Кейбір балалар үшін бұл Олимпиададан кейінгі бірінші старт, солай бола тұра нәтиже осындай. Алдымызда күрделі күз тұр – 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Чемпионаты бастау алады, 17-нен 27 қыркүйек аралығында Ашхабадта жабық үй-жайларда Азия Ойындары өтеді, және 27 қарашада біздің Құрама биылғы жылдың басты мәресі – Әлем Чемпионаты 2017-ге қатысады, сондықтан бізге демалуға уақыт жоқ. Алғашқы нөмірлер әлемдікке дайындалады, ал екінші Құрама Азия Ойындарына аттанады.

- Дәстүрге сай Қазақстан Чемпионаты ӘЧ алдындағы «басты жорық қой»?

- Жоқ, бұл жолы біз басқаша әрекет етуді шештік, алдымен спортшыларды Сочиде өтетін ОЖЖ-ға байқап, іріктейміз. Оның үстіне барлық бірінші нөмірлер ҚРЧ-на қатыспайды.

Айдар Казов:

- Шынынымды айтсам, қандай орынды алатындығымды болжамадым. Менің міндетім ең алдымен көшбасшылар үштігіне ілігу болды, алайда «жұлқи көтеруден» кейін үлкен жетістікке жете алатындығымды түсіндім. Мен үшін бұл жеңіс психологиялық тұрғыдан өте маңызды болды. Маған қолдау көрсеткен, маған жанкүйер болғандардың барлығына алғыс білдіргім келеді. Енді қарашада маңызды старт - Анахаймде өтетін Әлем Чемпионаты тұр, енді соған дайындаламын.

Карина Горичева:

- Мен үшін бұл Олимпиададан кейінгі бірінші старт болды, оның үстіне жаңа санат – 69 килограмға дейінгі бірінші старт. Аздап толқып, қателік жіберім алдым, сондықтан «күмісті» місе тұттым, жалпы өз нәтижеме көңілім толады. Алдымызда жұмыс көп, Әлем Чемпионатына дайындық тұр, сондықтан барлық күш-жігер соған аударылатын болады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар