Қазақстанның ауыр атлетика Федерациясының конференциясы

11:13 | 01 шілде 2017

29 маусым күні Қарағанды қаласында ҚР ААФ президенті-IWF вице - президенті Жанат Тусупбековтың қатысуымен жыл сайынғы Қазақстанның ауыр атлетика Федерациясының конференциясы өтті.

Іс-шараға, сондай-ақ, ҚР ҰСК жаттықтырушылар штабының бас бапкері Юрий Мельниковпен бірге, олимпиада чемпионы Нижат Рахимов, Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл, ҚР ААФ өңірлік бөлімшелерінің басшы құрылымдары және басқалары қатысты.

Конференция барысында қатысушылар 2016 жылдың қорытындысын, Ұлттық Құрама Команданың халықаралық жарыстарға қатысуы, оның ішінде Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатысу нәтижелерін талқылады.

Жыл сайын, біздің мемлекетіміз бен Федерация спортты дамыту мен насихаттау үшін көп күш жұмсауда, соның арқасында біздің спортшылардың халықаралық жарыстарда көрсеткен жетістіктерімен біздің қайта-қайта мақтануға мүмкіндігіміз бар. Рио-да өткен Олимпиада ойындары соның дәлелі болып табылады. Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы 5 медаль жеңіп алды, тек қытай құрамасына дес беріп, медальдар саны бойынша екінші орынды иеленді.

Алайда, біз осымен тоқтап қалмаймыз, алдымызда-Токио, және мен бізді жаңа жеңістер мен жаңа жетістіктер күтіп тұрғанына сенімдімін!», - деп ҚР ААФ басшысы Жанат Тусупбеков атап өтті.

Іс-шараның басты тірегі аймақтарда ауыр атлетиканы дамыту болып табылады.

Қазақстан Федерациясының басшысы атап өткендей, ҚР ААФ ағымдағы міндеті барлық аймақтардағы ауыр атлетиканы насихаттап, оның деңгейін Қызылорда мен Ақмола облыстарының деңгейіне көтеру. Бұл қазақстандық ауыр атлетикаға әлемде бірінші орын алады мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Жанат Тусупбеков Қазақстанның әрбір өңірлерінде әлем және олимпиада чемпиондарын қалыптастыруға мүмкіндіктерінің бар екендігіне сенім білдірді: «Бұл үшін облыстық федерациялардың жұмысын, сондай-ақ жаттықтыру инфрақұрылымдарын үнемі жақсарту және жаттықтырушылар, мамандар мен атлеттерге шындап көмек білдіру қажет.

Атап көрсетілгендей, мемлекет спортқа шындап көмек көрсетуде, ал аймақтық федерациялардың басты міндеті ауыр атлетиканы бірлесе дамыту үшін, өңірлік билікпен жұмысқа қатысты жақсы қарым-қатынас орнату қажет».

Сондай-ақ, іс-шара аясында 2017 жылдың екінші жартыжылдығында ҰСК құрамы бекітілді. (Құрамы қосымшада)

ҚР ҰСК бас бапкері: Юрий Мельников:

-Кезекті Олимпиадалық цикл аяқталды, және біз үшін маңыздысы жай кездесу емес, қорытынды шығару, жіберілген қателіктермен жүргізілген жұмыстарды, талқылау, барлық жаттықтырушылар құрамын тыңдау және болашақ жоспарларды талқылау болып табылады.Сонымен қатар, жақында маңызды оқиға болды, біздің Федерацияның президентін IWFвице-президенті ретінде тағайындады, бұл біздің оған деген шексіз сенімімізді және Қазақстан және одан тыс жерлерде оның сіңірген еңбегін мойындайтынын білдіреді. Қазақстандық ауыр атлетика мектебі жақсы жетістіктер көрсетуде, бұл қуантпай қоймайды.

Конференцияның жеке бөлімі IWF допингке қарсы ережелеріндегі өзгерістерге, сондай-ақ таза спорт үшін күресте жаңа шараларды қабылдауды талқылауға арналды.

ҚР ААФ Бас хатшысы Омар Мұстафин:

Допингпен күресте біздің ең басты қаруымыз-білім беру болып табылады. Жыл сайын біз 7-8 бірлескен семинарлар, көптеген кездесулер мен жеке сұхбаттар өткіземіз. Биылғы жылдан бастап біз түсіндірмелі- білім беру шараларының санын арттыруды жоспарлап отырмыз және спортшылармен қатар, олардың жеке жаттықтырушылармен, уқалаушылармен және т.б қамтамасыз етілуіне көңіл аударамыз. Біздің басты міндетіміз-ауыр атлетикадан допингті толығымен аластау, сонымен қатар, бұл табыстың жалғыз жолы деген сенімдегі алаяқ мамандарды толық шығарып жіберу. Допинг - бұл өмірлік біліктіліктен айыру және басқа да айыппұлдар жолы. Ал табысқа тек еңбек пен адал бәсекелестік күрес әкеледі!»

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар