Ресми мәлімдеме

08:05 | 24 маусым 2017

Қазақстан республикасының ауыр атлетика Федерациясы Қазақстан Ұлттық Допингке қарсы күрес Орталығы (ҚазҰДҚКО) тәртіптік комиссиясының допинг сынамасын тексеруге қатысты тыйым зат анықталған қазақстандық зілтемірші Миннияров Ильдарды заң жүзінде жазалау туралы ресми шешімін толық қолдады.

ҚазҰДҚО тәртіптік комиссиясы спортшыға қатысты жағдайды Дүниежүзілік Допингке қарсы күрес Ережелері нормаларына сәйкес, қарастырып, И.Миннияровтың біліктілігін шектеу жөнінде шешім қабылдады. Біліктілігін шектеу мерзімі төрт жылды қамтиды және 2017 ж. 11 сәуірінен басталады. Допинг Дрезден қаласындағы аккредиттеуден өткен, ҚазҰДО сынамасы жіберілген, ДДҚКА допингке қарсы зертханада анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ауыр атлетика Федерациясы допингке нөлдік төзімділік принципін ұстанады және спортшылардың аймақтардадопингке қарсы ережелермен нормаларды арнайы бақылауда ұстауын қадағалайды.

Допингтің ұлттық деңгейде анықталуы ҚазҰДҚО шын мәнінде ҚР ААФ бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесі екендігін білдіреді.

«Біздің басты міндетіміз - дені сау, допингтен «таза» спортшы ұрпақтарды тәрбиелеу. Біз барлық деңгейлерде спортшыларға допинг қабылдағанда оның келтіретін зардаптарын түсіндіруге тырысамыз. Сонымен қатар, біз тәртіп бұзушылық жағдайларын жергілікті деңгейде анықтап, қажетті шешімдер мен өзіміздің қадағалау механизмімізді қолданамыз.Сондай-ақ жергілікті деңгейде тәртіп бұзушылық жағдайларды анықтап, соған сәйкес шешімдер мен жазалау шараларын қабылдау үшін басқару механизмдерін пайдаланамыз.

Шынында, бүгінгі күні, допингті қабылдау салдарынан, тұтас алғанда, әлемдік спортқа және атап айтқанда, қазақстандық спортқа орасан зор зардабын тигізеді, ал біз осы құбылысты азайту үшін бар күшімізді саламыз», - деп бұл жағдайға ҚР ААФ бас хатшысы Омар Мұстафин түсініктеме берді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар