Жанат Түсіпбеков IWF вице-президенті ретінде өзінің жаңа міндеттеріне кірісті

12:59 | 21 маусым 2017

Алдыңғы аптада, маусымның 13-15 аралығында, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының жаңадан сайланған вице-президенті Жанат Тусупбеков бастаған Қазақстандық делегация (одан әрі – IWF) Токиодағы (Жапония) олимпиада нысандарына барды және 2020 жылғы Олимпиада ойындарына дайындық барысы туралы келіссөздер өткізді.IWF вице-президенті бірінші сапары барысында ауыр атлетика және басқа да олимпиадалық спорт түрлері бойынша спортшыларды дайындау үшін нысандарды, спорттық оңалту залдары мен жаттығу залдарын, сондай-ақ Олимпиадаға арналған болашақ спорттық нысандардың құрылыс барысымен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасының ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков Тайландтың, Бангкок қаласында өткен IWF сайлауы съезі кезінде Жанат Түсіпбеков Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) жаңа вице-президенті болып сайланды.

Осы сапардың аясында ҚР ААФ мен Жапонияның ААФ қазақстандық спортшылардың оқу-жаттығу шараларын Жапониядағы олимпиадалық даярлау Орталығы базасында өткізуге қатысты өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді. Мұндай жиындар қазақстандық ауыр атлеттерді жақсы бейімдеуді қамтамасыз ету үшін, арнайы жоспар бойынша Олимпиадаға дейін 2019 және 2020 жылы бірнеше рет ұйымдастырылады. Екі тарап та бапкерлер арасында тәжірибе алмасуды, сондай-ақ медицина және тамақтандыру мамандары ынтымақтастықты нығайтуды күшейтуге қатысты шешім қабылдады.

Сонымен қатар, жапон тараптары 2014 жылы Алматыдағы ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының табысты өткендігін, 2016 жылы IWF Маркетингтік комиссияның қатысуымен Рио-дағы Олимпиадалық Ойындарды, ҚР ААФ үлкен спорттық іс-шараларды ұйымдастырудағы тәжірибесін зерттеуге деген қызығушылығын білдірді.

Олимпиада алаңдарын тексеру осы жылдың 13-15 маусым уақыты аралығында IWF Атқару комитетінің вице-президентінің қатысуымен және жыл сайын IWF өтетін Конгрес отырысына тұспа-тұс келді. IWF іс-шараларының қатарында маркетинг пен допингіге қарсы тәртіпті күшейту, сондай-ақ 2017 ж. 28 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Анахеймде (АҚШ) өткізілетін Әлем чемпионатына дайындық мәселелері қаралды.

ҚР ААФ президенті жүзеге асырған бастамалары ауыр атлетикақолдауды қажет ететін елдерде спорттық іс-шаралар айтарлықтай дамытуға ықпал жасады.

Қазақстанда жүргізілген жұмыстар, соның ішінде допингке қарсы тәртіпті күшейтуге бағытталған бастамалар, балаларды жаппай спортқа тарту, ел бойынша жаттығу іс-шараларының жағдайын жақсартуға қосқан үлестері жоғары халықаралық дәрежеде танылды. Айта кетерлік жайт, ҚР ААФ Рио-2016 Олимпиадалық Ойындарындағы маркетингті компанияның үйлестіру жұмыстарында жақсы нәтижелерді көрсете білді. Сонымен қатар ҚР ААФ ауыр атлетикадан өткізілген Азия Чемпионатының Бірінші халықаралық көрсетіліміне белсенді түрде қатысты.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар