Ресми мәлімдеме

08:17 | 05 мамыр 2017

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (ХААФ) қазақстандық үш ауыр атлетшіге допингке жүргізілген сынама нәтижесінде тыйым салынған препараттардың табылуына байланысты шара қолдануға ресми шешім шығарды.

ХААФ тәртіптік комиссиясының шешімімен Майя Манеза мен Зульфия Чиншанло екі жылға, ал Светлана Подобедова 8 жылға жарыстан шеттетілді. Жарыстан шеттету туралы шешім өз күшіне Лондондағы Олимпиаданың допингке қайта жүргізілген сынама нәтижесінде олқылықтар орын алған жағдайда, нақты айтқанда 2016 жылдың 26 мамырынан бастап енеді.

Қазақстан Республикасының ауыр атлетика Федерациясының көмегімен спортшылар өздерінің олимпиададан бөлек жеткен жетістіктері, дәрежелері мен марапаттарын сақтап қала алды.

Бұрынырақ, ҚР ауыр атлетика Федерациясының бастамасымен зертханалық талдау және спорттық құқық саласындағы мамандар мен заңгерлер тобы бірнеше ай бойы қазақстандық спортшылардың қайта талдау нәтижелерін жіті зерттей отырып, сонымен қатар тергеу мен сот істерінің барлық кезеңдерінде атлетшілерімізге барынша қолдау көрсеткенін еске сала кеткен жөн болар.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар