ӘйгерімАулбек: "Әржеңіс- бұл жетістік"

19:43 | 03 мамыр 2017

Ауыр атлетиканың өкілі Әйгерім Аулбек әлемдік тақтайтұғыр белгісіне ие. 19 жасар спортшы әлемдік жасөспірімдер чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Және қазір ол 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиаданың болашақ қатысушыларының бірі ретінде қарастырылады. Бұл ретте Әйгерім Жапонияда өтетін Жастар Ойындардың басты кейіпкерлерінің бірі болуы мүмкін. Vesti.kz тілшісімен әңгімелескен кезде Шымкентте өткен Жастар ойынында жеңімпаз атанған Әйгерім, өзін сынап тастады, өзінің жеке қолдау тобы және ол үшін қандай жеңіс ең маңызды екендігі туралы айтты.

- Әйгерім, қазақстан біріншіліктерінде Сіз тұғырдан түспейсіз деуге болады. Өз жеңістеріңіздің санын білесіз бе? Сіздің жеңісіңіз өте көп қой.

- Мен көп деп айтпас едім, сөзсіз жеңістері менікінен де көп спортшылар бар. Әр жарысқа мен жауапкершілікпен қараймын және жеке дайындаламын. Ал әр жеңіс мен үшін - кішігірім болса да жетістік, үлкен мақсаттарға жетелейтін қадам.

- Жастар ойындарындағы өз өнеріңізді қалай бағалайсыз?
- "Оқыс серпу" менің ойымнан шықпады. Егер "жұлқикөтеруде" бәрі жоспардағыдай болса, барлық үш мүмкіндікті де жүзеге асырар едім, онда «оқыс серпуде» соңғы екі тәсілді жасай алмас едім. Бірақ бұл енді тағы да жұмыс істей түсу керек дегенді білдіреді, және мен бұл қатемді түзету үшін бар күшімді саламын. Бұл енді қайталанбайтындай етіп жасаймын. Егер баға туралы айтар болсақ, онда «оқыс серпу» үшін мен өзіме екі қояр едім!
- Соңында жеңіске жеткеніңе қарамастан ба?
- Бастысы–нәтиже. Ал нақты айтар болсам, өз мүмкіндіктеріңді ескере отырып, нәтижесінде сенің неше рет көтергенің. Бұл жерде менің қабілетім бұдан да жоғарысына жетеді.

- Бүгінгі таңда сіздің ең басты жеңісіңіз қандай?

- Әлемдік жастар чемпионатында екінші орын иеленуім.

- Ал келесі мақсат қандай?
- Барлық күшімді маусымда Токиода өтетін юниорлық әлем чемпионатына дайындалып, соған қатысуға бағыттаймын.Тырысамын және «оқыс серпу» өз деңгейінде болатындай етіп аяғыммен жұмыс істеймін.

- Яғни, "оқыс серпу" сіздің сүйікті жаттығуыңыз ғой?
- Нәтиже болған кезде, барлық жаттығу сүйікті, ал бірдеңе қолыңнан келмесе, сол жаттығуды жақсы көрмей қаламыз (күледі).

- ТақтайтұғырдаӘселАмангелдіменайтарлықтай қатты тартысты көрдік. Ол сіздің түбегейлі бәсекелесіңіз бе?

- Жоқ. Біз бәріміз жақсы доспыз, етене жақын араласамыз. Қазір біз тақтайтұғырда жарысамыз, ал содан кейін құшақтасып, бір бірімізді құттықтап, қолдау көрсетеміз. Сол себепті, күрес тек тақтайтұғырда ғана.
- Өміріңізде спорттан басқа не қуаныш сыйлайды?
- Біздің жиналыстар мен жарыстардың тығыз кестесін ескере отырып, біз екі айлап үйден тыс жерлерде жүрген кезде, мен үшін туыстарыммен және дастарыммен бірге болып, солармен араласу мен үшін үлкен құндылық және қуаныш.

- Сөзсізолар сіздің басты қолдау тобыңыз шығар?
- Иә, менің басты жанкүйерлерім анам мен жаттықтырушым, сонымен қатар, туыстарым мен достарым.

- Анаңыз қызының осындай ерекше қызығушылығына үйренген шығар?
- Анам әлі күнге дейін менің өнерімді тамашалаған кезде алаңдайды, көзін жұмады, кейде толқып жылайды (жымияды). Әрине, менің қолымнан бірдеңе келмей жатса, көңіл-күйі де түседі, «Қызым, саған бұның не қажеті бар?!»-деп сұрайды. Бірақ, соған қарамастан, бәрібір де мені қолдайды! Мысалы, ауыр сәттерде маған телефон соғып, «Еңсеңді түсірме, сенің қолыңнан келеді, сен талай асулардан өттің ғой дейді! Қол қусырып отыруғаболмайды!"-дейді.Сол үшін анама алғысым шексіз!

Әйгерім Аулбек 53 килограммға дейінгі салмақ категориясында өнер көрсететіндігін айта кетейік.2 мамырда басталған Жастар ойындары Шымкентте өтеді. Турнирге 23 жастан аспаған ауыр атлеттер қатысады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар