Көмек ұшын берді

12:28 | 20 сәуір 2017

ҚР ААФ мен ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің қызметкерлері Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендерге бір күндік жалақыларын аударды.

Көмек Ақмола облысы жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қазақ тілі мен мәдениеті» облыстық қоғамдық бірлестігінің шотына аударылды, оннан бұл апаттан аса зар шеккен тұрмысы төмен отбасыларға, балалар мен қарттарға жіберілетін болады.

Ақмола облысының әкімдігінің айтуынша, бүгінгі күні, Ақмола облысында көктемгі су тасқынынан барлығы 12 аудандарында 34 елді мекен зардап шекті. 948 үй суға батты, 804 үйдің ішін су басқан. 2784 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Ақмола облысының ТЖД мәліметінше, Атбасар қаласында су тасқыны басталғаннан кейін 1379 адам қауіпсіз жерге көшірілді, 454 үйді су басқан.

«Қазақстанның Олимпиада қоғамдастығы осы қиын жағдайда біздің отандастарымызға қолдау сөздерін білдіреді. Қазіргі кезде қиын жағдайға душар болып, шын мәнінде көмекке және қолдауға мұқтаж болып отқан елдің зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына ынтымақтастығымызды білдіру мақсатында, біз қаржылық қолдау көрсетуге шешім қабылдадық», деп Ұлттық Олимпиада комитетінде атап өтті. Қаржылай көмек Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті мен бокс, күрес, дзюдо, таэквондо және ауыр атлетика секілді олимпиадалық спорт түрлерінен ұлттық федерацияларды біріктіретін, спорттық күрес және күштік спорт түрлері конфедерациясының атынан бөлінді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар