Үздіктердің тобында

10:14 | 11 сәуір 2017

Тарихта алғаш рет Қазақстан Республикасының ауыр атлетикадан жастар құрамасы Бангкокта өткен әлемдік чемпионатта үшінші орынды иеленіп, 2018 жылы өтетін жастар арасындағы Олимпиадалық ойындарға өзіне максималды лицензиялар санын қамтамасыз етті. Біздің топтың қоржынында 6 медаль бар, оның ішінде үш «алтын», бір «күміс» және екі «қола».

Жалпыкомандалық есеп: ер балдар

1 орын: Қытай

2 орын: Иран

3 орын: Қазақстан

4 орын: Ресей

5 орын: Түркия

6 орын: АҚШ

7 орын: Тайланд

Жалпыкомандалық есеп: қыздар

1 орын: Қытай

2 орын: Тайланд

3 орын: Қазақстан

4 орын: АҚШ

5 орын: Өзбекстан

6 орын: Румыния

7 орын: Түркия

ҚР жастар Құрамасының аға бапкері БАҚЫТ АХМЕТОВ:

- Мені жағымды эмоциялар кернеп барады. Біз ұзақ уақыт бойы дайындалдық, көп жаттықтық, топты өткен жылы құрып, желтоқсан айында біздер оқу-жаттығу жиындарын Таразда, содан кейін Казаньда бастап кеттік. Балалар ешқандай демалыссыз жұмыс жасап, күніне бірнеше рет жаттықты, сондықтан осындай нәтижеге ие болды. Шындығына келетін болсақ, жалпыкомандалық есеп бойынша «қола» жүлдені алғанымызға мен таң қалдым, себебі біздің қарсыластарымыз өте күшті – Қытай, Корея, АҚШ сияқты елдердің құрамалары болды...Үздік жетілік қатарына ілігу және Олимпиада Ойындарына лицензиялардың толық комплектісін жеңіп алу – біздің басты мақсатымыз болды, енді бұл мақсатты асыра орындап тастадық (күлімдейді). 16 баланың ішінен тек қана төртеуінің халықаралық старттарда өнер көрсетуден тәжірибесі бар, қалғандары дебютант болды, сондықтан біз үшін әр шығу бағалы болды. Балалар қобалжыды деп айту – ештеңе айтпағанмен тең, жеткіліксіз! Кейбір қыздар дәл алаңға шығар алдында жылай бастады, міне сол кезде біздер (еск.: бапкерлер штабы) қобалжыдық. Ондай жағдайларда, спортшы өзін сенімді сезіну үшін, біз бастапқы салмақты сәл азайтамыз. Спортшылардың дайындығы стартқа дейін күні бұрын басталады, ұйқы алдында біз олармен сөйлесіп, жақсылап ұйқыларын қандыруды, түні бойы жарыс туралы ойламауларын айттық. Содан кейін, дәл алаңға шығар алдында балдарды тынышталдырып, эмоцианалды күйзелісті азайтуға тырыстық. Белгілі біреуді ғана мақтағым келмейді, себебі барлық балдар тырысып, ортақ нәтижеге әрбіреуі өзінің үлесін қосты. Бұл мақсатты біз орындадық, енді жаңа мақсаттар қойып, ең жақын мақсатқа – 2018 жылы өтетін Олимпиада Ойындарына жету.

1926207743cecba9441647ada4776813.jpg

Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы «алтынды» Анатолий Савельев (62 кг дейін) әкелді. Нәтижесінде біздің спортшы 281 килограмм (127+154) көтеріп, Қытайлық қудалаушысын (126+150) бес ұпайға озып өтті.

- Бұл Чемпионатқа деген дайындық күрделі болды – біз Таразда және Казаньда өте көп уақыт жаттығу жиындарын өткіздік. Әрине, менің мақсатым бұл біріншілікке қатысып, біздің Республикамызды лайықты деңгейде көрсетіп, «алтын» жеңіп алу болатын – сол мақсатым орындалды. Алғашқы болып мені құттықтаған менің бапкерім – КленовицкийАлексей Иванович. Ол мені осы «әлемге» дайындап, барлық жағынан қолдау көрсетті. Жалпы Құраманың барлық бапкерлік штабына өз алғысымды білдіргім келеді. Келесі жоспар – жаттығуларды жалғастыру, тепмті азайтпай, келесі сайыстарға дайындалу.

b718057d5611537bdfd653e92c3f06cb.jpg

Асылжан Бектай (77 кг дейін) қола жүлдені ұтып алды. Екі жаттығудың қорытындысы бойынша, біздің ауыратлетші 306 килограмм (140+166) салмақты көтерді. Оған қоса, жұлқа көтеру мен серпе көтеруден Асылжан кіші қола жүлделерді жеңіп алды. Бұл салмақ бойынша бірінші орынды әлемдік рекордпен 332 килограмм (140+192) АҚШ спортшысы иеленді, ал «күміс» жүлде Ресейдің қанжығасына тиді 312 килограмм (142+170).

9cd05d1f22c67c2e4c05e1ee352b1a34.jpg

63 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде, қытайлық бақталасы Ли Фаннан жеңіліс тауып 210 кг (93+117), Дарья Павлова екінші орынды иеленді 201кг (90+111).

b29dda21f5c1fbad311ff7bd48053dcb.jpg

Қазақстандық Құрама қоржынына екінші «қола» жүлдені Карина Кузганбаева (94+113) жеңіп алды. Спортшы 69 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Бұл салмақта «күмісті» Колумбиялық спортшы - 209 кг (95+114) алса, ал «алтынды» Эквадорлық спортшы - 220 кг (100+120) жеңіп алды.

0a6b7bd48f882105edd37b3c2bba5001.jpg

- Нәтижемен қанағаттанамын, бірақ, серпе көтеруде аздап қателік жасадым. Өз қателерімді тауып, оларды дұрыстауға жұмыс жасаймын. Алдағы жоспар – өз жақындарыммен, тума-туыстарыммен үйде кездесіп, кейін келесі старттарға дайындықты жалғастыру.

85 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде Артем Антропов чемпион атанды. Екі жаттығудың қорытындысы бойынша, атлет - 323 килограмм (148+185) нәтижесін көрсетті. Күміс медальді Полша өкілі жеңіп алса – 318 кг (143+175), ал Ирандық спортшы қола жүлдегер атанды - 304 кг (132+172).

- Бұл менің екінші халықаралық стартым, біріншісі өткен жылы Малайзияда болды, осы дәрежеде мен 7-ші болдым. Ол кезде мен жұлқа көтеруден – 135 кг, ал серпе көтеруден - 174 кг нәтиже көрсеткен болатынмын. Бұл жолы менің қарсыластарым өте күшті дайындықпен келген. Жұлқа көтеруден мен үшінші болып келе жатырдым, себебі бұл жаттығу менде серпе көтерумен салыстырғанда шамалы бәсеңдеу, сондықтан біздің мақсатымыз жұлқа көтеруден барлық үш шығуда да жақсы жұмыс жасап, қарсыластар арасындағы алшақтықты барынша қысқарту болатын, ал серпе көтеруде оларға жетіп алып, жеңіске жету. Жақсы күрес болды. Бапкерлерге мені осы стартқа дайындағандары үшін үлкен алғысымды білдіремін. Бізді залда қолдаған және интернет арқылы көрген жанкүйерлерге ерекше рахметімді айтқым келеді.

245c29ab25dac30ec5b1381d13162443.jpg

75 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстандық Құрама қоржыны тағы да бір алтын медальмен толықтырылды. Оның авторы 15 жасар – Ольга Пастухова. Қоссайыс есебі бойынша, ол - 211 килограмм (91+120) нәтижесін көрсетіп, Өзбекстандық – 197 (89+108) және Мексикалық – 196 (90+106) спортшыларды артқа тастады.

- Мен үшін бұл алғашқы «әлем», өзімнің көрсеткен өнеріммен қанағаттанамын, барлық алты шығуды орындадым, бірінші орынды алдым. Ең жағымды әсерім алдым, бірақ, шығар алдында мен қорқынышты болады деп ойладым, ал шын мәнінде олай емес, бәрі керемет өтті! «Әлемде» мүлде басқаша әсерде боласын, ол үйдегі помостта алатын әсерден ерекше. Мен штанганы толық сезіндім, кураж, қобалжу, қарсыластардың айқайы! Жұлқа көтеруде мен екі килограммға ұтып алдым, ал серпе көтеруде қарсыластар 108 килограммда бітірген болса, мен 110-нан бастадым, одан кейін 115 және 120. Біздің бапкерлерімізге олардың еңбегі және қолдаулары үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді, оларсыз ештеңе болмайтын еді. Жоспарлар? Олимпиадаға өту және үздік үштік қатарына ілігу. Ол үшін мен бар күшімді саламын!

05d4587e4361af3cfda6f198aee7d1c1.jpg

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар