​Екі күнде бес медаль.

09:53 | 10 сәуір 2017

Өткен демалыста қазақстандық ауыр атлетиканы сүйер қауымның қуанышы үшін бес себеп болды! Дәл осындай медальдердің санын, оның ішінде екі «алтын», «күміс» және екі «қола» жүлдені біздің жасөспірімдер Құрамасы Тайландта өткен Әлем Чемпионатында жеңіп алды.

Сенбі күні, 8 сәуірде, 77 килограмм салмаққа дейінгі санатта өнер көрсеткен Асылжан Бектай қола жүлдені жеңіп алды. Екі жаттығудың қорытындысы бойынша, біздің ауыратлетші 306 килограмм (140+166) салмақты көтерді. Оған қоса, жұлқа көтеру мен серпе көтеруден Асылжан кіші қола жүлделерді жеңіп алды. Бұл салмақ бойынша бірінші орынды әлемдік рекордпен 332 килограмм (140+192) АҚШ спортшысы иеленді, ал «күміс» жүлде Ресейдің қанжығасына тиді 312 килограмм (142+170).

63 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде, қытайлық бақталасы Ли Фаннан жеңіліс тауып 210 кг (93+117), Дарья Павлова екінші орынды иеленді 201кг (90+111).

Қазақстандық Құрама қоржынына екінші «қола» жүлдені Карина Кузганбаева (94+113) жеңіп алды. Спортшы 69 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Бұл салмақта «күмісті» Колумбиялық спортшы 209 кг (95+114) алса, ал «алтынды» Эквадорлық спортшы 220 кг (100+120) жеңіп алды.

Одан кейін, 85 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде Артем Антроповчемпион атанды. Екі жаттығудың қорытындысы бойынша, атлет - 323 килограмм (148+185) нәтижесін көрсетті. Күміс медальді Полша өкілі жеңіп алса – 318 кг (143+175), ал Ирандық спортшы қола жүлдегер атанды - 304 кг (132+172).

75 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстандық Құрама қоржыны тағы да бір алтын медальмен толықтырылды. Оның авторы 15 жасар – Ольга Пастухова. Қоссайыс есебі бойынша, ол - 211 килограмм (91+120) нәтижесін көрсетіп, Өзбекстандық – 197 (89+108) және Мексикалық – 196 (90+106) спортшыларды артқа тастады. Біздің Республикамыздың тағы да бір өкілі - Мария Базаркина 188 (83+105) алтыншы орынға ие болды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар