​Омар Мұстафин: «Біз бітімгершілік келісіміне үміттенеміз»

12:23 | 26 қаңтар 2017

Омар Мұстафин: «Біз бітімгершілік келісіміне үміттенеміз»

Қазақстанның ауыр атлетикасы Федерациясының Бас хатшысы Омар Мұстафин, 26 қантарда, Лозаннада өтетін Спорттық арбитражды сотының отырысында не болатынын түсіндірі өтті. «Негізінде, бұл отырыстан кейін Қазақстан дисквалификацияға ұшырамайды. Халықаралық ауыр атлетиканың Атқарушы комитетінің, үш және одан аса спортшылары допингті пайдалануда ұсталған құрамаларды дисквалификациялау бойынша маусымда шығарған шешімі, елдердің үлкен тобын қамтиды, ал салдарында біздің спорт түрінің дамуына зиянын келтіреді. Сондықтан, біз бітімгершілік келісіміне үміттенеміз.

2016 жылы Қазақстандық бір де бір ауыратлетші халықаралық деңгейде, тиым салынған препараттарды қолдануда ұасталмаған фактісі, біз үшін маңызды болып отыр. Біз Спорттық арбитражды сотқа атлеттермен жүргізіп жатқан профилактикалық шаралар, ондаған семинарлар, жүздеген жеке сұхбаттар, ұлттық деңгейде біздің спортшылардан алынған көптеген сынамалар жөнінде хабарлауға ниеттіміз».

Сонымен қатар, Бас хатшы Қазақстанның ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седовтың ісіне нүкте қойды.

«Қазіргі кезде біз, Сергей Седовтың Қазақстан құрамасында ары қарай жұмыс істеуі бойынша бірауыздан шешімге келу үшін, Мәдениет және Спорт Министрлігімен, ҰШҚД, және де біздің заңгерлермен бірлесіп, бұл iстiң барлық мән-жайларын мұқият қарастырып жатырмыз. Жақын арада өтетін Жаттықтырушылардың кеңесінде, болған оқиғаны мұқият талқылайтын боламыз. Ал Сергей Седовтың кәсіби біліктілігіне келетін болсақ, ол жоғары халықаралық деңгейдегі жаттықтырушы, ондай адамдар бізде өте аз. Оның еңбек шартын жалғастыру мүмкіндігі бойынша, бұл мәселенің заңды жағын қарастырамыз, бірақ өзімнен қосарым – қазақстандық ауыр атлетика үшін мұндай мамандар өте қажет».

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар