Майра Бақашева: «Қазақстандық ауыр атлетиканың болашағы зор үміт күттіреді»

10:56 | 25 қаңтар 2017

Алматыда Республикалық ауыр атлетика федерациясы мен Қазақстанның ұлттық антидопинг орталығы бірлесіп ұйымдастырған спортшыларға арналған антидопинг бойынша семинар өтті.

Талқыланған тақырыптар жайлы ҚазҰАДО-ның директоры Майра Бақашева баяндады:

2016 жылы ауыр атлетика федерациясында антидопингтік заңнаманы бұзған тек қана төрт жағдай тіркелген, олар Қазақстан Републикасының Чемпионаттарында спортшылардың сынамалырының тексерісі барысында анықталған. Халықаралық сайыстарда заңнаманы бұзушылық жағдайлары тіркелмеген. Менің ойымша, бұл өте жақсы көрсеткіш.

-Бұл 2016 жылғы Олимпиаданың алдында орын алған допингтік даудамайдан кейін болған резонансқа байланысты ма?

-Әрине! Біз үшін бұл өте маңызды сәт. Қазіргі кезде спортшыларда өздерінің таза және адал екендерін көрсетуге және дәлелдеуге құлшынысы бар! Таза спорт үшін күресте Федерацияның өзі үлкен рөл атқарады. Өкінішке орай: «Допинг – бұл сіздің мәселеңіз, сізге керек болса – сіз ұстаңыз» дейтін федерациялар әлі күнге дейін бар. Мен әрқашан ауыр атлетика Федерациясын үлгі ретінде айтамын, себебі олар ең қиын сәттердің өзінде еңсесін түсірмей, әрекет жасауға тырысады. Сондықтан 2016 жылы біз осындай жағымды динамиканы, нәтижелерді көріп отырмыз.

-Бүгін қандай сұрақтар жиі қойылды?

-Допингті пайдаланудың салдары, атап айтқанда, спортшының ағзасына келтіретін зияны жөнінде сұрақтар қойылды. Егер бұрын біз: «қандай заттарды қолданып, ұсталмауға болады?» деген сұрақтарды естісек, қазіргі таңда ондай сұрақтарды ешкім қоймайды. Ересек, қалыптақан спортшылар көбіне жаhандық сұрақтар қояды: фармобиологиялық қолдаудың өзара әрекеттестігі, белгілі бір көрсеткіштерді допингке жүгінбей қалай жақсартуға болатыны жөнінде және т.б.

1 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:
Jazz People 10:25 | 08 ақпан Жауап беру
Уже, как в футболе, набираем легионеров - без родины, без флага. А своих держим в "черном теле". Вот они, реалии казахстанской тяжелой атлетики, сразу видно все перспективы и отношение со стороны спортивных чиновников и федераций. http://abctv.kz/ru/news/tyazhelee-ne-pridumaesh

Әлеуметтік желідегі парақшалар