Алғашқы старт

10:44 | 25 қаңтар 2017

Алғашқы старт

Алматыда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Рымқұлов Амангелді Құрманұлының 75-жылдығына арналған ауыр атлетикадан Рсепубликалық турнир аяқталды. Сайыстарда қалалық және облыстық спорт мектептерінің 100-ден аса спортшылар қатысты, олардың үздіктері бағалы сыйлықтар мен медальдар алды. Бұдан бөлек, ауыр атлетиканың ардагерлері және осы спорт түрінің еңбек сіңірген қайраткелері естелік меальдарымен марапатталды.

ӨЗ КАТЕГОРИЯЛАРЫНДА ҮЗДІК АТАНҒАНДАР:

Ерлер

Иемберді Серікболсын 62 кг (84+107)

Зарқымақбар Бақдәулет 69 кг (107+136)

Әзімшар Бауыржан 77 кг (107+130)

Қайратов Мұрат 85 кг (125+158)

Мырзахметов Дәулет 94 кг (135+170)

Жұмабек Абылай 105 кг (130+180)

Сайлау Ердос 105 кг (140+170)

Қыздар

Сағатдин Шакира 40 кг (15+25)

Қанашева Ақтоты 44 кг (18+25)

Рүстем Жансая 48 кг (42+55)

Сәрсенбек Аяулым 53 кг (35+45)

Әллиярова Тілсімай 58 кг (46+53)

Нұрлыбекова Арай 63 кг (65+85)

Мишна Анастасия 69 кг (70+80)

Кесеналы Нұрай 75 кг (75+98)

Мешітханова Раушан 90 кг (93+111)

Сулейман Айсұлу 90 кг (81+110)

Алматы қ. Аға жаттықтырушысы Бекмұханбетов Дәурен:

-Бұл турнирді өткізуді біз Амангелді Құрманұлының баласы – Мақсат Амангелдіұлымен өткен жылы шешкен болатынбыз. Қазақстан Кубогында Құраманың бас жаттықтырушысына бұл идеяны ұсынып, одан қолдау таптық. Мүндай секілді турнирлар жылдың басында, жаңа олимпиядалық циклдың басында, демалыстардан кейін спортшыларға серпіліп алуға, алаңды сезінуге көмектеседі, ал жаттықтырушылар болса, үзілістен кейін кімнің қандай формада екендігін көріп, әр спортсменге арнайы жеке жаттығу жоспарын құрады.

Турнирді өткізуге ат салысқан, біздің барлық деңгейдегі бастамаларымызды әрқашан қолдайтын, қалалық Федерацияның Президенті – Ходжалаков Руслан Рахимовичке өз алғысымды білдіргім келеді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар