Алдын ала құрамын

12:18 | 08 маусым 2016

Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасының ауыр атлетика бойынша Чемпионаты аяқталды. Ерлер және әйелдер арасындағы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Алматы облысының спортшылары жеңіп алды. «Күміс» жүлдеге Шығыс-Қазақстан облысының өкілдері жетті. Үздік үштікке Қарағанды облысы да енді.

Жарыс аяқталғаннан кейін, ұйымдастырылған баспасөз мәжісінде ҚР құрамасының бас бапкері Алексей Ни ауыр атлетика құрамасында Олимпиадаға аттанатын алдын ала құрамын жариялады:

- Ағымдағы жылдың басында мен, Қазақстанның Чемпионатында біз жағдайды бағамдап, одан кейін олимпиадалық қомандасына кіретін кандидаттар санын алты әйел мен сегіз ерлерге дейін қысқартатыны туралы айттым. Ерлер мен әйелдерде екі-екіден қосалқы спортшы барын есепке алсақ, он төрт адам болады. Соңында осы жастар Олимпиада ойындарына дайындалады. Дәл осы спортшылар қандай тәсілмен таңдалған сұрақ туындай ма? Бәрі де айқын және түсінікті. Жарыстың басталғанына дейін біз әлемдік рейтингті іліп қоямыз, оны спортшылардың өздері, олардың жеке бапкерлері, жетекшілік пен баспасөз өкілдері көруі мүмкін. Бұл рейтинге сәйкес біз спортшыларды таңдаймыз.

ӘЙЕЛДЕР:

Елисеева Маргарита (до 48 кг)

Чиншанло Зульфия (до 53 кг)

Горичева Карина (до 63 кг)

Манеза Майя (до 63 кг)

Жапарқұл Жазира (до 69 кг)

Подобедова Светлана (до 75 кг)

ЕРЛЕР:

Чонтей Арли (до 56 кг)

Харки Фархад (до 62 кг)

Рахимов Нижат (до 77 кг)

Павлов Кирилл (до 77 кг)

Уланов Денис (до 85 кг)

Ильин Илья (до 105 кг)

Зайчиков Александр (до 105 кг)

Әбубакаров Селімхан (105+ кг)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар