Алексей Ни: "Мен ұлттық құраманың резервін үнемі қадағалап жүремін"

15:19 | 09 маусым 2015

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрама командасының бас бапкері Алексей Ни Вроцлавта (Польша) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында біздің елдің құрамасымен бірге жүр.

"Ұлттық құрама командамыздың резервін өз көзіммен көруім үшін жасөспірімдердің әлем чемпионаттарына ылғи барамын" - дейді ұлттық құрама команданың бас бапкері.

Кеше, маусымның 8-де 17 жастағы спортшымыз Әйгерім Ауылбек екі ай ішіндегі екінші әлем чемпионатында өнер көрсетті. Лимада өткен жахан біріншілігінде ол күміс медаль жеңіп алған болатын. Ал, Вроцлавта 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде "В" тобында бірінші болғанымен, қорытынды есепте 8-ші орынға ие болды.

"Әйгерім жарады, жақсы бала. Текеліден шыққан спортшы, болашағы бар. Сегізінші орынға табан тіреді. Бар күш-жігерін салды. Кеше "В" тобында ресейлік қарсыласынан басы түсіп, мені қуантты" - дейді Алексей Ни.

Естеріңізге сала кетейік жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына үш қазақстандық қатысып жатыр. Әйгерім Ауылбектен өзге маусымның 10-да Аят Әмірбеков (85 келі) , 13-де Надежда Ногай (+75 келі) жарыс жолына шығады. Додаға қатысуы тиіс болған Екатерина Быкова (75 келі) әлем чемпионатында жарақат алып қалды.

2 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:
Ербол Амантайұлы 01:46 | 16 тамыз Жауап беру
Nurgul Usenbekova 14:34 | 25 тамыз Жауап беру
Меня интересует, в Хьюстоне в ноябре на чемпионате мира по тяж атлетике будет ли участвовать Илья Ильин?

Әлеуметтік желідегі парақшалар