🏋🏻‍♂️ Ксения Прозорова Азия чемпионатында Қазақстанға 3 алтын медаль сыйлады!🥇

Шілде 16, 2025

Ксения Прозорова 2025 жылы Астанада өткен жастар, жасөспірімдер және қыздар арасындағы Азия чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды.

58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен 15 жастағы спортшы айрықша күш-жігер мен жеңіске деген жігерін көрсетіп, Қытай мен Өзбекстаннан келген қарсыластарын сенімді түрде басып озды. «Жұлқа көтеру» жаттығуында Ксения 89 кг, ал «сілке көтеруде» 105 кг көтерді. Екі жаттығу нәтижесі бойынша жалпы сомасы 194 кг-ды құрады.

Бұл жеңіс Ксенияны өз салмақ дәрежесінде қыздар арасындағы Азияның абсолютті чемпионы етті. Сонымен қатар, ол өз санатындағы ең жас қатысушы болды, бұл оның жетістігін одан әрі ерекше етеді.

Азия чемпионаты «Казцинктің» АҚ-ның қолдауымен өтуде.